НЕФТЕГАЗОВАЯ ИНЖЕНЕРИЯ
Бұл мақалада магистральдық мұнай құбырларын қауіпсіз пайдалану деңгейін арттыру мәселелеріне көп көңіл бөлінуіне байланысты Қазақстанның магистральдық мұнай құбырларының жағдайына қысқаша талдау ұсынылған. Апаттық жағдайлардың себептері және құбырларды техникалық диагностикалау бойынша мәліметтер берілген.
Жүргізілген зерттеулердің мақсаты парафинді мұнайларды сусыздандыру және тұзсыздандыру үшін асфальтты-шайырлы парафинді шөгінділердің (АШПШ) түзілуін баяулатушы, сумұнайлы эмульсияның кешенді тұтқырлығын төмендетуші қасиеттері бар реагенттің тиімді құрамын құрастыру болып табылады. Бастапқы компоненттердің белгілі бір жиынтығы болған кезде әртүрлі құрылымдағы беттік-активті заттардың (БАЗ) ығысуы, әркелкі қасиеттері бар реагенттердің құрамын таңдау ұсынылады. Беттік – активті заттың құрамына қоспада синергетикалық әсер көрсететін бірнеше жеке қосылыстар енгізіледі. Ұсынылған композициялар олардың бірлескен әрекетінің нәтижесі болып саналатын бірқатар қасиеттерге ие. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде құрамында оксиэтилденген май қышқылдары, мақта гудроны, Сульфанол, Синтанол АЛМ-10 және белгілі бір қатынаста еріткіш пайдаланған ионогенді емес деэмульгатордан тұратын реагент құрамын қолдану арқылы техникалық нәтижеге қол жеткізілді. Ащысай кен орнының мұнайларында және модельдік эмульсияларда орындалған жаңа композицияның зертханалық сынақтары композиция сумұнайлы эмульсияларды бұзуға арналған реагенттерге жататынын байқатты.
Ғылыми мақалада жаңа кен орындарын, пайдалы қазбаларды іздеу және олардың өнеркәсіптік маңызын анықтау міндеттері ұсынылған. Аталған міндеттерді жоғары сапалы және қысқа мерзімде орындау үшін геологиялық-барлау жұмыстарына тиісті техникалық қолдау қажет. Шешілетін геологиялық проблемалардың ерекшелігіне байланысты мұндай техникалық сүйемелдеуге тау-кен және бұрғылау жұмыстары, геофизикалық және гидрогеологиялық зерттеулер, каротаж және т.б. кіреді. Бұрғылау жұмыстары кеңінен қолданылады, олар геологиялық ақпаратты оның көлемі мен сапасы бойынша алудың негізгі техникалық құралы болып табылады. Ұңғымаларды бұрғылау тау-кен барлау жұмыстарын жүргізумен салыстырғанда, өнімділігінің бірнеше есе жоғары және құны едәуір төмен, ал алынатын ақпараттың сапасының қанағаттанарлығын байқаймыз.
Мұнай өндіруді неғұрлым қолайлы шарттарда арттыру – қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Өткен ғасырдан бастап ғалымдар мұнай өндіруді күшейту үшін белсенді зерттеулер жүргізіп келеді. Көптеген ғалымдар бұл мәселеге теңіз суды (ТС) пайдалану арқылы назар аударды. Сонымен мұнай өндірудің жоғарылауы тау жыныстарының сулануы мен беткі керілуіне байланысты, 90-жылдардан бастап теориялық және эксперименттік зерттеулер белсенді түрде зерттелді. Осы тәсіл эксперименттік жұмыстың едәуір көлемінің кілті болды. Бірақ көптеген зерттеулерге қарамастан, ғалымдар мұнай өндірудің артуына ықпал ететін тетіктер туралы әлі де бір шешімге келе алмады. Негізгі тетіктердің бірі – тұздылығы төмен сумен толтырылған кезде ұсақ бөлшектердің (яғни саз бөлшектерінің) қозғалысы деп саналады. ТС тақырыбын зерттеу көрсеткендей, эксперименттік жұмыстар көбінесе ашық мұнайға жүргізілді, өйткені жеңіл маймен эксперименттік жұмыс оң нәтиже берді. алайда ТС-нің тұтқырлығы жоғары мұнаймен өзара әрекеттесуі әлі де терең зерттелмеген. Бұл Қазақстанның кен орындары үшін өте маңызды.
Бұл мақалада ғылыми негіздерді, техникалық ой-пікірлерді және цементтеу деп аталатын процестерге қатысты жұмыс процедураларын жан-жақты қарастыру барысында ұңғымаларды цементтеу сапасын жақсарту туралы айтылады. Химиялық қоспалар мен цементтеудің әртүрлі әдістері әркелкі температура мен қысым индикаторларында цемент шламының сапасын қажетті тереңдікке дейін арттыра алатындығы анықталды. Жоғары қысу беріктігі және толық аймақтық оқшаулау корпус пен цемент арасындағы гидравликалық тығыздаудың пайда болуына және ұңғыманың одан әрі жұмыс істеуіне оң әсер етеді, цементтеу техникасының кең таңдауы цемент тасының қажетті сапаларының ауқымын едәуір жақсартады. Цемент ерітіндісіне қосылған қоспалар цементтеу процесін оңтайландыруда үлкен рөл атқарады және жеке таңдалады.
ХИМИЯ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ
Мақалада балластсыз калий тыңайтқышын алу үшін Шалқар кен орнының жуылған калий кенін өңдеу процесін зерттеу нәтижелері қарастырылған. Кенді калиймен байытудың оңтайлы режимін анықтау үшін натрий тұздарынан екі және үш рет жуудың тиімділігі зерттелді. Кендегі калийдің ең көп мөлшері және натрий тұздарының ең аз мөлшері қамтамасыз етілетін кенді жуу суымен екі рет жуған жөн екендігі анықталды. Жуудың тиімділігі екінші жуудан кейін кенді рентгенографиялық талдау нәтижелерімен расталады. Кенді күйдіру минералдардың кристалл гидраттарының дегидратациясына және оның құрамындағы негізгі компоненттердің көбеюіне әкеледі. Күйдірілген кенді 50°C және 90°C температурада еріту натрий тұздарының қалдық мөлшері толығымен еріген кезде калий мен магний тұздарының ерітіндісіне ішінара ауысуы байқалады. Минералды тыңайтқыш алу үшін мақсатты компоненттер болып табылатын калий мен магний сульфаттарының толық еруіне қол жеткізу үшін химиялық түрлендіру әдістерін зерттеу қажет.
Жұмыста модель мен табиғи объектінің аффиндік сәйкестігі кезінде қабықтың термомеханикалық ұқсастығын модельдеу мәселелері қарастырылады. Термомеханикалық құбылыстарды модельдеу шарттары модель мен табиғат параметрлерін қайта есептеу ережелері түрінде тұжырымдалған. Жылу кернеулерін және белгілі бір масштабта табиғи объектіге орын ауыстыруды анықтау үшін ұқсастық критерийлері белгіленді.
Бұл жұмыста кеуекті көміртекті материал (ККМ) пропан-бутан қоспасы жанғанда синтезделген аса гидрофобты күйе мен мұнай қалдығы негізінде алынған. Мұнай қалдығы ретінде Жаңаөзен кен орнының шламы таңдалды. Алынған ККМ тасымалдаушы катализатор ретінде нанотүтікшелер синтезі үшін қолданылды. Енді осы көпқабатты көміртекті нанотүтікшелердің (КҚКНТ) үлгілері спектрлерді комбинациялық шашырату әдісі және сканерлеуші электронды микроскоп арқылы зерттелді.
Бұл жұмыста метилметакрилат пен бутилметакрилат неізінде жаңа сополимерлер синтезделді. Еденге арналған бояу құрамына метилметакрилат мономері мен сополимерлердің әртүрлі қатынасы қолданылды. Сонымен қатар жақсартылған қасиеттері бар жабындыларды алу үшін, ең алдымен олардың құрамына кіретін материалдардың қасиеттеріне тәуелді екені зерттелген. Осы алынған сополимерлердің ЯМР-спектроскопиясы арқылы құрылымы мен тұтқырлығы зерттелген.
Қазіргі уақытта өзекті экологиялық проблемалардың бірі қоршаған ортаны полимерлі қалдықтармен ластау болып табылады. Бұл проблема Қазақстан Республикасы халқының өмірінде ғана емес, елдің бүкіл экологиялық жүйесінде де маңызды рөл атқарады. Полимер қалдықтарының саны жыл сайын артып келеді. Полимерлердің қалдықтары қалаларымызды ластайды және адамдар мен жануарлардың денсаулығына әсер етеді және көптеген проблемалардың пайда болуына ықпалын тигізеді. Полимерлік қалдықтардың көп мөлшері арнайы полигондарға жіберіледі. Қазіргі таңда полигондар санының айтарлықтай өсуі байқалады. Барлық аталған проблемаларды шешу тек үкіметке ғана емес, өзімізге де байланысты, айтылған жағдай Қазақстан Республикасының біраз өңірлерінде сұрыптау пункттері болмағандықтан қалыптасты. Егер күнделікті өмірде аз полимерлі өнімдерді қолдансақ, оларды қайта өңдейтін болсақ, онда біз қоршаған ортаны таза ұстаймыз. Қазіргі кезде өзінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне қарай, полимерлі қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың әртүрлі тәсілдері бар және жетілдірілуде. Полимерлі қалдықтарды жою мәселесі полимерлерді жабық жүйеде қайта өңдеудің және қайта пайдаланудың жаңа тәсілдерін қажет етеді, сондықтан олар ешқашан қалдықтарға айналмайды.
Мақалада Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында қолданылатын полимерлік қалдықтарды қайта өңдеу әдістеріне шолу жасалып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, полимерлік қалдықтарды қайта өңдеу кезеңдері, пластикті, пластиктен жасалған бұйымдарды кәдеге жаратуға қойылатын талаптар ескерілген. Полимерлі қалдықтарды қайта өңдеуге арналған кейбір қосымша құрылғылар қарастырылып, пайдалануға ұсынылды.
Мақалада Қаратау фосфориттерінің құрамынан темір және марганец қосылыстарын бөліп алу үрдістері қарастырылған. Зерттеу жұмысы барысында Қаратау фосфориттері қалдықтарынан бөлінген темір-марганец қосылыстарын бөліп алып, «CN-CVD-100» әдісімен көміртегі нанотүтікшесінде көміртекті темір-марганец құрамды нанобөлшектер алынды.
Бұл мақала Атырау мұнай өңдеу зауытындағы Евро-5 стандартының талаптарына сай келетін тауарлық бензиннің сапасы мен өнімділігіне әсер ететін факторларды зерттеуге арналған. Төрт негізгі қондырғыны қамтитын Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғылары үшін есептік мәліметтер негізінде (материалдық баланс) көрсетілген: каталитикалық крекинг қондырғысының өнімділігінің жылына 3 миллион тоннаға дейін артуы (пайдалану қуаты 2,4 миллион тонна / жыл) бензин шығымының артуына 25%-ке ықпал етеді; жеңіл нафта изомерлеу қондырғысына бензолды гидрлеу үшін қосымша реакторды енгізу автомобиль бензинінің изомератының жоғары октанды құрамындағы бензолды 1% -ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді; каталитикалық риформинг қондырғысының өнімділігінің жылына 1,3 миллион тоннаға дейін көбеюі (өндірістік қуаттылығы жылына 1 миллион тонна болған кезде) қайта өңделген өнімді 30% арттырады және кокс пен құрғақ газдың пайда болуы сияқты жағымсыз процестердің алдын алады.
Жұмыста Ақтау битум зауытының битум сынамалары қарастырылды. Битумның пайдалану қасиеттерін жақсарту үшін Stardope 150RB адгезиялық қоспамен модифицирленді. Битумның физика-химиялық қасиеттері зерттелді: тұтқырлығы, тығыздығы, пенетрациясы, созылғыштығы. Қоспаны енгізгеннен кейін аталған көрсеткіштердің жақсарғаны дәлелденді.
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
Тарихта қазір алғаш рет халықтың көп бөлігі үлкен мегаполисте тұрады. Өсіп келе жатқан қалалар еліміздің жаңа проблемасына тап болды. Қалыптасқан жағдайға сүйене отырып, қала өз азаматтарына қауіпсіздік, денсаулық сақтау, ресурстар, үкімет, білім беру және басқа да қалалық жүйелермен байланысты талаптарға жауап беретін жүйелерді ұсына отырып, жаңа шешімдерді жүзеге асыруы, ақылды қалаға сай болуы керек. Мақаланың мақсаты – ақылды қаланы дамытуды іске асыруда, қайта жаңғыртылатын және экспортталатын модельді анықтайтын, базалық инфрақұрылым ретінде қалалық интеллектті қамтамасыз ететін, мультиагенттік жүйелерді қолдана отырып, ақылды қала моделін зерттеу.
Мақалада әлемдегі апаттық-диспетчерлік қызметтердің жұмыс істейтін модельдеріне назар аударылады. «911» және «112» қызметтерін құру модельдері Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын ескере отырып зерттелді. «911» және «112» қызметтерінің негізгі түсініктері көрсетілген. «911» және «112» жедел қызметтердің функционалдық талдауы анықталған, сонымен қатар жоғарыда аталған қызметтер құрылысының жалпы құрылымы қарастырылған. Шұғыл байланыс орталығының өмірін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені құрудың жаңа моделі ұсынылады.
Ғылыми жұмыста гидротехникалық құрылыстар мен құрылымдарға жататын жоғары бьефпен төменгі бьефті жалғастыратын жасанды бұжырлы тезағарлардың жаңа конструкцияларын ойлап табу және оларды жетілдіру мәселелері келтірілген. Бұл гидротехникалық құрылымдардың басты мақсаты біздің өңтүстік өңірлердегі таулы аймақтардағы биіктерден үлкен жылдамдықпен ағып түскен суды төменгі бьефтерде шайылу процестерін болдырмау және ашық каналдарда қауіпсіз гидравликалық режимді жақсарту болып табылады. Осы ретте жоғарыдан ағатын судың артық кинетикалық энергиясын арнайы жасалған жасанды бұжырлы тезағарлардың көмегімен салыстырмалы қысқа жолда тиімді сөндіру қәжет. Біздің ғылыми жұмысымызда экономикалық жағынан тиімді, берік және сенімді, конструкциясының қарапайымдылығы, құрылыс тұрғысынан ұтымды және оңай жүзеге асырылатын пішінде болуы және т.б. жағдайларын ескере отырып, пайдалы модельге алынған оң шешімі бар тезағар құрылымы оларға қойылған талаптарға жауап береді деп сенеміз.
Қазіргі кезде жаңалық порталдары, блогтар және т.б. сияқты интернет-ресурстардан ақпарат алатындар саны артып келеді. Интернет-технологиялардың дамуына байланысты жарияланған ақпараттың көлемі өскені соншалық, өзекті және қызықты ақпаратты табу қиын әрі ұзаққа созылады. Жаңалықтар агрегаторлары – бұл қолданушыға сан түрлі ақпарат көздерінен тек жаңа және маңызды жаңалықтарды алуға мүмкіндік беретін шешім. Мазмұнды біріктіретін платформа бүкіл ғаламтордан ақпарат жинайды және оны пайдаланушылар қолдану үшін бір жерде жариялайды. Бұл мақалада RSS / Atom арнасын қолдана отырып, әртүрлі ақпарат көздерінен соңғы жаңалықтарды жинайтын және оларды бір платформада көрсететін интеллектуалды жаңалықтар агрегатор жүйесі қарастырылған. Жаңалықтар агрегаторында интеллектуалды модуль іске асырылған, ол пайдаланушылар сақтаған жаңалықтар негізінде оларға ұқсас жаңалықтарды ұсынады. Ұқсас жаңалықтарды қолданушыларға ұсыну үшін жаңалықтар тақырыптарына косинустық ұқсастық әдісі қолданылады, бұл екі вектордың арасындағы косинусты есептеу арқылы екі вектордың ұқсастығын өлшейді. Осылайша косинустық ұқсастық мәні ең жоғары жаңалықтар тақырыптары пайдаланушыларға беріледі. Жаңалықтар тақырыбына табиғи тілді өңдеудің келесі технологиялары қолданылады: токенизациялау, қажет емес таңбалар мен пунктуацияларды жою, тақырыптарды TF-IDF әдісі арқылы векторларға айналдыру. Бұл жұмыста косинустық ұқсастық, евклидтік арақашықтық және Жаккард арақашықтығы сияқты ең танымал метрикалар үшін ұқсастық өлшемдері салыстырылды. Салыстыру нәтижелері бағдарламалау және бизнес / маркетинг санаттарынан RSS / Atom ресурстық арналары арқылы алынған жаңалықтар үшін ұсынылған.
Әртүрлі масштабты тапсырмалар үшін жоғары параллельді тиімділік есептеу жүктемесін барлық есептеу процессорлары арасында біркелкі бөлуді талап етеді. Бұл зерттеу аймақтағы тривиалды емес ыдырауымен күрделі байланысты модельдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін динамикалық жүктемені теңдестіру схемасын ұсынады. Сонымен қатар жоғары масштабтау экспериментінің нәтижелері жүктемені теңдестірудің пайдасы параллелизм деңгейіне пропорционалды екенін көрсетеді.
Қазіргі уақытта бейнелерді өңдеу – деректерді өңдеудің ең жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі. Бейнелерді сандық өңдеу және көрнекі бейнелерді тану есептерінің өзгеру алгоритмі ұсынылылады. Сандық бейнелерді өңдеудің маңызды міндеттерінің бірі бейненің бұрыштық нүктелерін анықтау алгоритмін жасау, өйткені оны таңдау әртүрлі тапсырмаларды шешудің негізгі кезеңі болып табылады. Сондықтан бейненің бұрыштық нүктелерін табу алгоритмін жасау ғылыми және практикалық тұрғыдан өзекті. Жылжымалы фрагменттерді немесе терезелерді дәстүрлі әдісте қолдану үшін бейнелердегі бұрыштарды бөлудің жаңа маскалары қарастырылған.
Мақала ірі габаритті объектілердің екі қозғалтқышты айналу механизмін басқарудың энергия тиімді жүйесін әзірлеу әдістемесіне арналған. Осы жүйеде екі асинхронды қозғалтқыш "жетекші" – "еруші"қағидасы бойынша жұмыс жасайды. Басқару блогы екі қозғалтқышты асинхронды электр жетегінің компьютерлік Simulink моделі мен atmega 2560 микроконтроллерінің синтезі болып келеді. Жүйенің бейімделуі әр қозғалтқыштың электромеханикалық уақыт тұрақтысын анықтауға байланысты, ол дәл бұрыштық қозғалыс датчиктерін қолданумен қатар, екі қозғалтқыштың айналу санын нақты реттеуге мүмкіндік береді.
Бұл жұмыста психикалық тәртіпсіздік деп аталатын санаға қолайсыз әсер ететін күшпен байланысты психикалық энтропияны бағалаудың математикалық моделі ұсынылады. Мұндай модель, адамның психикалық әлеуетін, осы әлеуеттің қуатын және психикалық қуатты формализациялау негізінде құрылады. Бұл ретте психиканың әлеуеті энтропия дәрежесін, яғни психикалық тәртіпсіздік дәрежесін анықтайды. Кіріс ақпарат психикалық әлеуеттің қазіргі құрылымына қауіп төндіре отырып, біздің сананың реттілігін бұзса, онда ішкі тәртіпсіздік немесе психикалық энтропия жағдайында көрсетілетін. Осы анықтамаға сүйене келе, "Я-концепция", фантазия Ф және жеке тұлғаның психикасының әлеуетін сипаттайтын Св ерік күші арасындағы байланысты негізге ала отырып, психикалық энтропияны бағалауға арналған аналитикалық формула ұсынылды. Бір қызығы, адам психикасының осы параметрлерін сандық жағынан бағалап, олар үшін психикалық энтропияның дәрежесін көрсететін өлшем ауқымын анықтауға болады. Психиканың қуаты мен энергиясы ұғымының негізінде психикалық энтропияны азайту үшін адамға қажетті ең аз психикалық энергия бағаланады. Өз қызметі саласында жоғары нәтижелерге жеткен адамдарға жүргізілген зерттеу нәтижелерін талдаумен бірге, индивидтің "Я-концепция" психологиялық параметрлері, Ф қиялдары мен Св ерік күші арасындағы ұсынылған арақатынастың тиімділігі дәлелденеді.
Бізге қоршаған ортаны тиімді қорғау, көбінесе нақты бір шешім қабылдауға қажетті қолжетімді ақпараттың сапасына байланысты екені сөзсіз. Ақпарат көлемі үлкен және де гетерогенді (яғни әркелкі ақпарат көзінен түсетін) және түскен ақпараттың сапасын алдын ала анықтау мүмкін емес, сондықтан бірден шешім қабылдаудың қиындық тудыратындығы да рас. Сондай-ақ осы мәселелердің динамикалық сипаты бар екендігін де ескерген жөн. Қазіргі таңда компьютерлер мониторинг, талдау, мәлімет алмасу, сақтау және іздеу бойынша кеңінен қолданылатындығы баршаға аян, сол себептен де қоршаған ортаны қорғау барысында туындайтын мәселелердің шешімін табуды білімдер базасына негізделген жасанды интеллектке интеграциялауды ұсынамыз.
Мақалада үйірлі интеллектің заманауи әдістеріне негізделген күрделі MIMO объектісін оңтайлы басқару мәселесі қарастырылады. Типтік басқару объектісі ретінде газды тазарту процесіне арналған дистилляциялық баған таңдалды, оның негізінде интеллектуалды басқару жүзеге асырылады. Өнеркәсіптік реттегіштердің оңтайлы синтездеу мәселелерін шешу үшін инеліктің мінез-құлқына және сұр қасқырды оңтайландыруға негізделген метаэвристік алгоритмдерді қолдану ұсынылады. Мақала Honeywell компаниясының жабдықтарына негізделген Experion PKS ортасында технологиялық процестерді автоматты басқару жүйесі үшін жасалған әдістерді енгізу перспективасын негіздейді. C300 бағдарламаланатын логикалық контроллері үшін интеллектуалды ПИ-реттегіш басқару стратегиясы іске асырылды, технологиялық процестің мнемосхемасын бейнелейтін басқару станциясы мен оператор экраны конфигурацияланды.
Бағдарламалық жасақтама жасау әдістері қарқынды дамып келеді. Бағдарламалық жасақтаманы тестілеу жақсы өнімді жасауда үлкен рөл атқарады. Бағдарламалық жасақтаманы тестілеу негізінде көптеген технологиялар өнімділіктің барлық аспектілеріне жинақталған. Автоматтандырудың біршама жетілдірілген құралдарында жасанды интеллектке негізделген тестілік жиынтықтар мен тексеру тестілері қолданылады. Сынақ тобы мен басқа аналогтық топтардың ұжымдық пайымдаулары негізінде жұмыс жасау, өзгерістерге назар аудару маңызды. Сапаны қамтамасыз ету әдістері қазіргі цифрлық әлемде ұсынылған ақпаратқа жүгінді. Бағдарламалық жасақтаманы автоматты түрде тестілеуге тез мүмкіндік беру үшін бизнес жаңа процестерге сүйенеді. Қаржы институтына шешім қабылдау тәсілдерін қолдану бағдарламалық жасақтама жасаудың барлық кезеңдерінің ашықтығын арттыра алады. Жасалған қадамдар жүйелерге сынақ жағдайларының жоғары пайызын көрсетуге көмектеседі, уақыт пен ақшаны үнемдейді, сонымен қатар процестің масштабталуы мен қателіктер мәселелерін тиімді шешеді.
Бұл мақалада біз автоматтандырылған бағдарламалық қамтамасыздандыруды тестілеуге арналған машиналық оқыту мен жасанды интеллекті қолданатын ақпараттық жүйелерді зерттейміз. Мақсат міндеттерге бөлінеді: жасанды интеллектің маңыздылығы, бағдарламалық жасақтама жасаудың қажетті кезеңі – тестілеу және сапаны бақылау жүйесі, негізгі автоматтандыру құралдарын зерттеу. Шешілі: интеллектуалды интеллект пен машиналық оқытуды қолдану: қайталанатын процесті автоматтандыруға және мәліметтер базасын пайдалануға жағдай жасайды; жоғары интеллектуалды өнімді жеткізеді; прогрессивті оқыту алгоритміне бейімделеді; бірнеше объектілерді тереңірек талдауды қосады; мәліметтер базасынан мәліметтердің максималды көлемін алуға мүмкіндік береді.
Мақалада тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері фосфор және мұнай өңдеу өндірісінің ағынды суларын минералды қоспалар мен мұнай өнімдерінен сорбциялық тазарту процесінің математикалық өрнектеуі келтірілген. Ағынды суларды мұнай өнімдері мен минералды компоненттерден сорбциялық тазартуды тәжірибе жүзінде зерттеулерде сұйықтықтың шығынын 1-4 л/мин, 20-70°С температуралық арақашықтықта бағдарламалық бақылаумен зертханалық қондырғыда жүргізілді. Математикалық модельді жасау үшін адсорбция кезінде ағынды сулардан көмірсутектерді алу деңгейінің көрсеткіштерінің ауытқуын көрсететін тәжірибелік және теориялық мәліметтердің графикалық тәуелділігі қолданылды. Фишер критерийі арқылы алынған тәжірибелік тәуелділіктердің сипаттамасы кестелік мәнімен салыстыру бойынша тәуелділіктер адекватты екені айқындалды. Фосфор өндірісінің ағынды суларын Р2О5, СаО және Al2O3 қоспаларынан тазартудың үш өлшемді графикалық деректерін талдау тазарту дәрежесінің максималды мәні рН 4,4-4,6 кезінде 60%-дан асатындығын көрсетті. Мұнай өнімдері қоспаларынан мұнай өңдеудің ағынды суларын сорбциялық тазартудан алынған тәжірибелік зерттеулер деректері 40°С температурада және 99,5%-ға дейін алу дәрежесін қамтамасыз ететін, зерттелетін сұйықтықтардың шығыны 2,5-3 л/мин болған кезде анағұрлым тиімді екені анықталды.
Бәсекелестіктің өсуі, сондай-ақ саладағы әлемдік экономиканың тұрақсыздығы құрылыс компанияларын тұтынушылар үшін шаршы метрге ең тартымды бағаны қамтамасыз ете отырып, ғимараттар мен құрылыстарды салу кезінде шығындарды азайтуға мәжбүр етеді. Шығындарды азайту үшін құрылыс компаниялары өз тәжірибесінде заманауи сандық технологияларды қолданады. Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде ең тиімді және жиі қолданылатын шешім – бұл жетілу сенсорларын қолдану, олардың көмегімен темір-бетон конструкцияларын құю және сусыздандыру процесін оңтайландыруға болады. Бетонның беріктік сәтін дәл және уақтылы анықтауға байланысты құрылыс мерзімі қысқарады, еңбек шығындары азаяды және сәйкесінше қаражат үнемделеді. Бұл мақала жетілу сенсорларының жетілдірілген IT-архитектурасын дамытуға арналған. Дамудың бастапқы кезеңінде әлеуетті пайдаланушыларға сауалнама жүргізілді, нәтижесінде сенсорға негізгі техникалық талаптар жасалды. Әзірлеу барысында "Звезда" топологиясы бойынша МҚК мен БДМ арасында деректермен алмасу схемасы ұсынылды, ал LoRaWAN хаттамасымен LPWAN энергия тиімді желісі жүйенің талаптарын орындайтын сымсыз байланыс интерфейсі ретінде таңдалды. Бұл жетілу сенсорларының шетелдік аналогтарының негізгі мәселесін шешуге мүмкіндік берді – көптеген сенсорлармен деректерді бір уақытта синхрондау. Сондай-ақ LoRaWAN шетелдік аналогтарда қолданылатын Bluetooth-қа қарағанда үлкен ауқымға ие. IT-архитектурасын әзірлеу нәтижесінде әлеуетті пайдаланушылармен сауалнама жүргізу кезінде жасалған барлық негізгі техникалық талаптар іске асырылды. Әзірленген IT-архитектурада көптеген датчиктерден ақпарат алмасу және жинақтау көзделгендіктен, болашақтағы перспективада үлкен деректерді (Big data) құру мүмкіндігіне жол ашылады.
ISSN 2959-8109 (Online)