Preview

Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
Том 17, № 1 (2020)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

НЕФТЕГАЗОВАЯ ИНЖЕНЕРИЯ

9-16 369
Аңдатпа

Жұмыста Жаңаөзен кен орнының мұнайын деэмульгирлеуі зерттелген. Деэмульгаторлар ретінде этилен оксиді және пропилен оксидінің блоксополимерлері бейоногенді беттік активті заттар: Basorol P123 және Дисолванға бақылау жүргізілді. 60оС температурада Дисолванның қатысуымен сусыздану дәрежесі 60 минуттан кейін 94,2%-ға, Basorol P123 жағдайында 100 минуттан кейін 54,3% жетті. Микротолқынды сусыздандыруды қолданудың мүмкіндігі айқындалған. Жұмыс режиміне байланысты мұнайдың қыздыру температурасы жоғарылайды, бұл процесс мұнайды максималды сусыздандыруға әкеледі. Микротолқынды сусыздандырудың қуаттылығын 700 Вт-қа дейін жоғарылату тұрақты су-мұнай эмульсиясын бұзу кезінде ең оңтайлы нәтиже мен жоғары тиімділікті байқатты. Дисолванның қатысында микротолқынның мұнай эмульсиясына әсер етуі сусыздану дәрежесінің 28 секундтан кейін 100% - ға жететінін көрсетті.

17-24 319
Аңдатпа

Тығыздылығы төмен полиэтилен негізіндегі сыртқы қабаттың құрамын (ТТПЭ), өсімдік және минералдық толтырғыштарды және техникалық госсиполды (ТГ) әзірлеу кезінде минералды толтырғыштарды таңдау бойынша нәтижелер келтірілген. Алынған композиттердің тұрақтылығы ТГ қатысуымен тұрақтандырылған ТТПЭ тігу дәрежесін арттыру нәтижесі болып табылатыны көрсетілген. Госсипол молекулаларының құрылымы және оның туындылары – көпфункциялы қосылыстар – олар ТТПЭ термо-және фото тотығу деструкциясы нәтижесінде пайда болатын радикалдар үшін тұзақтар ғана емес, сонымен қатар әртүрлі макрорадикалдардың арасындағы көпірлік байланыстардың пайда болуы есебінен композиттің молекулалық үстіндегі құрылымын өзгертеді деп болжауға мүмкіндік береді. Аталған жағдай материалдың негізгі физика-химиялық және механикалық қасиеттеріне айтарлықтай әсер етеді, бұл полимерлік композиттерді тігу дәрежесін анықтау бойынша жүргізілген зерттеулерді растайды. Органикалық емес күшейткіш толтырғыштар, әдетте матрицаның қатты және одан азырақ деформацияланады, бұл матрицаның деформациясының жалпы азаюына әкеледі, әсіресе бөлшектердің/матрицаның шектерінің болуына байланысты бөлшектерге жақын. Пластикалық – сынғыштығының себептерін анықтау үшін ағымдылық шегінің өзгеруін, мойынның тартылу кернеуін және таурит концентрациясы ұлғайған кезде композиттер үзілген сәтте беріктігін сипаттайтын функционалдық тәуелділіктер анықталды.
Композициялық жабынның әзірленген құрамы, масс %: өсімдік толтырғыш-козапая-25; минералды толтырғыш – таурит (тақтатас) - 10; сэвилен – 5; техникалық госсипол – 3; ТТПЭ – 50-55, ТШ 1390-003-11928001-01 “Экструдирленген полиэтилен негізіндегі коррозияға қарсы сыртқы жабыны бар болат құбырлар” қойылатын талаптарға толық жауап береді.

25-37 353
Аңдатпа

Қарашығанақ кенорнының батыс бөлігінде ұңғымаларды бұрғылау барысында (оператор – Karachaganak Petroleum Operation.B.V., KPO) жуу ерітіндісі тығыздығының рұқсат етілген көрсеткішінің төменгі диапазоны бар көлденең ұңғымаларды бұрғылау кезі де жуу ерітіндісінің апат әсерінен жоғалуы және тау жыныстары қабатының белсенді жарылуы сияқты факторлар жобаны іске асыруға қосымша қиындықтар туғызды. Кеңес уақытындағы көршілес тік ұңғымаларды бұрғылау тәжірибесіне сүйене отырып, бұрғылау ерітіндісінің жұтылуын жою үшін материалды айдау (LCM) немесе қосымша цементтеу сияқты қарапайым әдістер қиындықтарды жоюға көмектеспейтіндігі анықталды.
Бұрғылау ерітіндісінің бақыланбайтын шығындарының әсері кенорнын одан әрі игеру үшін бұрғылаудың қалыптасқан әдістерін пайдалануға мүмкіндік бермеді. Қысыммен басқарылатын бұрғылау әдісін пайдалану, атап айтқанда, Қарашығанақ кенорнында ерітіндінің айналымынсыз бұрғылау әдісін қолдануға басымдылық беріледі. «Ерітіндінің қайтарымынсыз бұрғылау» әдісі сәтті іске қосылды, бірақ ұңғыма траекториясын қадағалаусыз бұрғылау үшін айналмалы превентор (айналмалы бітегіш құрылғы – АБҚ) пайдаланылды. Оператор жер қыртысы аралығын арттыру үшін көлденең ұңғыманы бұрғылау қажет, бұл ретте бұрғылау ерітіндісі шығынының ұлғаю ықтималдығы қамтамасыз етіледі.
Бағытталған бұрғылау қызметін ұсынатын компания үшін пайдаланылатын технологиялардың ішінде бұрғылау ерітіндісінің айналымынсыз бұрғылауды қолданудың тиімділігіне көз жеткізу маңызды болды. Роторлы-басқарылатын жүйені (РБЖ) пайдалана отырып ұңғымаларды жоспарлау үшін телеметриялық және каротаждық аспаптарға, ерітіндіні қайтарусыз бұрғылау жағдайында телеметриялық деректердің беру қиындықтары мен олардың қызметіне ұңғыма жабдықтарының одан әрі де қызмет көрсетуіне, сондай-ақ гидравликалық есептерді дұрыс талдауға баса назар аудару көзделеді.
Оператор мен сервистік мердігер арасындағы тығыз ынтымақтастық бұрғылау жұмыстарының тиімділігін арттыруға және бұрғылау колоннасының төменгі жинақтауы (БКТЖ) елеулі өзгерістер енгізуге және оңтайлы қашауды таңдауға мүмкіндік берді. Арнайы бағдарламалық платформаны пайдалана отырып, инженерлер командасы қатты қабатты бұрғылау кезінде қашаудың мүмкіндігін БҚЖТ кемшіліктерін модельдей алды. Жоспарлау кезеңінде БКТЖ элементтерінің асқан кернеуін болдырмау үшін, оқпанның 4-8 °/30 м қисаюы кезінде күтілетін БКТЖ иілуіне байланысты кернеуді талдауға айрықша көңіл бөлінеді.
Осы мақалада ұңғыманың оқпанын кеңейте отырып, айналыстан шықпастан бағытталған бұрғылаудың соңғы нәтижелері, жоспарлау және тәжірибе алмасу процесінде ұқсас операцияларды жүзеге асырудың ерекше тәсілі талқыланады.

ХИМИЯ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ

38-47 304
Аңдатпа

Қазақстанда марганец кенінің өнімдері қолданылатын болаттың легирлеуші элементтері ретінде және оның беріктігін, қаттылығын, созылу беріктігі мен аққыштығын арттырады. Ферромарганец пен силикомарганец құрамындағы марганец болат пен қорытпаларға қышқылсыздандыру және легирлеуші қоспа болып табылады. Ферроқорытпа өндірісін дамыту мемлекет ішіндегі және одан тыс жерлердегі металлургиялық зауыттардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндірісті жылына 100 мың тоннаға дейін арттыруды көздейді. Сонымен қатар, басты мақсат сапалы ферроқорытпалар, соның ішінде металл маганец алуға мүмкіндік беретін қайта өңдеуге арналған марганец агломератын алу. Химиялық және физика-химиялық талдау әдістерін қолданып, марганецқұрамды және мұнайбитумды жыныстардың сипаттамалары мен құрамы анықталды. Мұнайбитумды жыныстарды қосып марганец кенінің агломерациялаудың дериватограммасы екі эффектпен көрсетеді. 500-520K аймағындағы алғашқы экзоэффект марганец гидраттарын сусыздандыру процесіне тән. 950-1010К аймағындағы эндоэффект марганец карбонаттары мен кеннің минералды бөлігіне тән кальцийдің карбонаты қосылыстарының декарбонизациясы кезінде жылудың едәуір жұтылуын көрсетеді. 1:1, 1:2 тең кокстың мұнайбитумды жынысқа қатынасы кезінде марганец кенінің кокспен қоспасының дериватограммасы 280-320 және 480-520К аймағында екісатылы экзоэффекттен құрылады. Бұл мұнайбитумды жыныстың қосылыстарының бірінші жағдайында кристаллогидратты ылғалдың жойылғандығын айқындайды.
«Астра» бағдарламалық кешені арқылы мұнайбитумды жыныстарды марганецқұрамды шикізат агломерациясының жұмыс құрамдарына тән 2MnO2 -C2H2-3O2; 3Mn2O3-C2H6-3O2; Mn3O4-C2H6-3O2, жүйелері термодинамикалық модельдеу жүргізілді.

48-54 376
Аңдатпа

Теңіз мұнай-газ кенішіндегі мұнайдан бөлінген күкірттен Тараз қаласындағы ЖШС «Қазфосфат» Минералды тыңайтқыштар зауытында күкірт қышқылын алады. Күкірт қышқылын алу кезінде күкірттің құрамындағы органикалық заттар балқып қатты қалдық есебінде қалып қояды. Бұл мақалада күкірторганикалық қалдықтарды қайта өңдеу қарастырылған.

55-58 324
Аңдатпа

Бұл мақалада қысқы бетонның технологиялық ерекшеліктері анықталады. Бетон сыни беріктікке жеткенге дейін салқындату уақытын болжау үшін мыналар назарға алынады: бетонның модулі, бетонның бастапқы және соңғы температурасы, бетонның нақты жылуы, сыртқы температура, бетонды өңдеу түрі. Бетонның жылу оқшаулауының қосымша шығындары оның жылуды шығаруын, әртүрлі пішіндердің жылу өткізгіштігін ескере отырып қарастырылады.

59-64 393
Аңдатпа

Өсімдік майы /су эмульсиялары алынды және тұрақтылығына беттік активті заттар және композицияларының әсері зерттелді. Беттік-активті заттар ретінде анионды натрий олеаты C12H33COONa және ионсыз Tween-80 алынды. Аталған эмульсияларға беттік-активті заттардың тұрақтандырғыш қасиеттерін болжау үшін жеке беттік активті заттар мен олардың композицияларының сулы ерітінділерінің беттік керілуі өлшенді. Твин-80 және олардың комплекстерінің сулы ерітінділерінің беттік керілуі изотерма қисықтары жеке компоненттерге қарағанда, олардың композицияларының беттік активтілігі жоғары екенін көрсетті. Май / су эмульсияларының «өмір сүру уақыты» фазалардың әртүрлі қатынасында анықталады – 9:1, 8:2, 7:3, 6:4, 5:5, 4:6, 3:7, 2:8, 1:9 және ең тұрақты эмульсия 6:4 қатынасында екенін оны әрі қарай зерттеу үшін қолданылады. Таңдалған эмульсия тұрақтылығына жеке БАЗ-дардың және олардың композицияларының әсері зерттелді. Жеке БАЗ-ды енгізгенде, эмульсиялардың өмір сүру уақыты 45-50 мин-қа ұзарса, композиция енгізгенде 60-65 мин-қа дейін артты. Өсімдік майы / су эмульсиясына оң тұрақтандырғыш әсерін Tween-80 және 1:1 қатынастағы Tween-80 және натрий олеатының композициясы көрс

65-78 492
Аңдатпа

Күрделі аралас NPК-тыңайтқыштарды алу бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу міндеттері құрамы мен қасиеттері жұмыс істеп тұрған өндірістің бірінші булану сатысынан өткен технологиялық ерітіндінің сипаттамаларына сәйкес аммиак селитрасы ерітіндісін пайдалана отырып шешілді. Жұмыстың ғылыми-қолданбалы маңыздылығы зерттеудің мақсатты міндеттерінің аммиак селитрасы өндірісіндегі бірінші буландыру, одан ары – кептіру және түйіршіктеу сатыларының нормативтік технологиялық тәртіптерін сақтай отырып шешілуінде. Қажетті сапалы және құрамды бастапқы суспензиялық қоспа «ҚазАзот» АҚ өндірісінің аммиак селитрасы ерітіндісінің негізінде, оған «Темір Сервис» ЖШС өндірісінің фосфорит ұнының, калий хлориді мен қосымша минералды қоспалар – аммоний мен темір сульфаттарының есептік массаларын қосу арқылы дайындалды. Суспензиялық қоспаны буландыру, кептіру, түйіршіктеу және салқындату нәтижелерінде олардың құрамындағы қоректік заттардың арақатынасы талапқа сәйкес мақсатты өнімдер алынды. Енді осы өнім үлгілеріне химиялық және физикалық-химиялық талдау жүргізілді. Аммиакты селитраның, фосфорит ұнының және калий хлоридінің меншікті шығындарының өнімдердегі қоректік элементтердің арақатынасына әсері рототабельді жоспарлау – модельдеу әдісімен зерттеліп, регрессияның барабар теңдеуі алынды. Жаңа NPК өнімдері құрамында жалпы азот, фосфордың бес тотығы және калий тотығы мөлшерлері 28%-дан 30%-ға жететін тұрақтандырылған кешенді тыңайтқыштық құрамдастықтар екені анықталды. Сонымен қатар олардың құрамында күкірт, кальций, магний, темір және құнды тыңайтқыштық маңызды жаңа өнімдер бар. Аталған NPК құрамды өнімдердің негізгі физика-химиялық және тұтынушылық қасиеттері бойынша тыңайтқыштық өнімдерге қосылатын заманауи талаптарға сәйкес келетіні айқындалды. Жұмыс нәтижелерін іс-тәжірибеге енгізу аммиак селитрасын өндірудің дәстүрлі технологиясын жеңілдетуге, оны агрохимиялық және тұтынушылық қасиеттері жақсартылған күрделі аралас типті кешенді NPК тыңайтқыштарын өндіруге ауыстыруға мүмкіндік береді.

79-87 442
Аңдатпа

Мақалада фосфор және күкірт қышқылдарының концентрациясының фосфат шикізатының ыдырауына әсері сипатталған. Зерттеу нәтижесінде апатиттің тиімді ыдырауы фосфор қышқылының P2O5 29% дейін концентрациясында болатындығы анықталды. Күкірт қышқылының концентрациясының жоғарылауымен фосфориттің ыдырау тиімділігі артады және 2,5% ерітіндідегі H2SO4 концентрациясында максималды мәнге жетеді.

88-92 283
Аңдатпа

Бұл жұмыста белсенді көмірді мыс хлоридімен модификациялау технологиясы жасалған және модификатор құрамының аммиак бойынша көмірдің адсорбциялық сыйымдылығының әсері зерттелген. Мыстың концентрациясы 4,7 ден 188,2 мг/г аралығында қолданылған. Осындай модификациялары бар адсорбциялық қабілеттілік 35,2 мен 140,2 мг/г аралығында жатады. Таңдалған тақырыптың өзектілігі және мыс (II) хлоридімен белсенді көмірді модификациялау бойынша жұмыстың дұрыстығы расталды.

93-98 317
Аңдатпа

Мақалада вермикомпостау процесін әртүрлі уақыт ұзақтығында жүргізгенде шыққан вермикомпостан бөлініп алынған гумус қышқылдарының құрамы мен оптикалық қасиеттерін зерттегендегі тәжірибелік нәтижелер келтірілген. Гумус қышқылдарының оптикалық қасиеттерін зерттеу негізінде гумификация дәрежесі мен вермикомпостау үрдісін жүргізу ұзақтылығы арасында байланыс бар екені айқындалды. Вермикомпост үлгілеріндегі каталазаның белсенділігі де гумин қышқылдары молекулаларының ароматтылығы сияқты, үдерістің жүру ұзақтығы өскен сайын артып отырады.

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

99-102 292
Аңдатпа

Бұл мақалада заманауи кәсіпорындардағы кадр мәселелері бойынша басқару шешімдерін қабылдау жүйесін автоматтандыру аспектілері қарастырылады. Шешімдер қабылдаудың автоматтандырылған жүйесін пайдаланатын компаниялардың негізгі міндеттері келтірілген. Қызметкерлерді басқаруды автоматтандыруға арналған бірнеше танымал HR-шешімдерге салыстырмалы талдау жасалды, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды.
Зерттеу төңірегінде – басқарушылық шешімдер қабылдау жүйесінің моделін құру сияқты міндет қойылып, оны Vert.x сияқты заманауи технологияға негізінде іске асыру сұраныстарды блоктан тыс режимде өңдеуге мүмкіндік береді. Интерфейсті жобалау үшін Angular, ал клиент-сервер архитектурасын жүзеге асыру үшін ReST стандартын қолдану тиімді.

103-109 432
Аңдатпа

BioPython-дағы биоинформатика алгоритмдеріне шолу жасалды. Python-да мысалдары бар биоинформатика мен алгоритмдердің негізгі міндеттері қарастырылады: ДНҚ тізбегін өңдеу алгоритмі, заңдылықтарды іздеу, бірнеше тізбекті реттеу алгоритмі, филогенетикалық талдау алгоритмдері, де Брёйна графигі. Биологиялық тізбектің негізгі өңдеуі генді экспрессиялаумен байланысты процестерді, соның ішінде транскрипцияны, аударманы және ашық оқу шеңберлерін сәйкестендіруді көрсетеді. Сонымен қатар сан түрлі таңбалардың жиілігін есептеу мүмкіндігі зерттелді. Кейбір алгоритмдердің ықтимал күрделілігі анықталады, бұл осы алгоритмдердің маңыздылығын және ықтимал проблемаларды айқындайды. Сонымен қатар Марковтың жасырын модельдері, графикасы және биологиялық желілері қарастырылады.

110-116 317
Аңдатпа

Біз бұл жұмыста, екіөлшемді акустикалық толқын теңдеуін айқын емес айырымдылық схемасын қолдана отырып, параллель орындалуын қарастырамыз. Программалау ортасы ретінде параллельді есептеудің үлестірілген жад моделін және MPI (Message Passing Interface) жүйесі пайдаланды. Параллельдеу әдісі үш диагональды матрицаның параллельдеуге негізделген және Яненко әдісін қолданады. Параллель алгоритмнің өнімділігі үлестірілген есептеу әдісі арқылы зерттелді және суперкомпьютер кластерінде орындалды. Параллельді есептеу, тізбектей есептеу алгоритмімен салыстырғанда, есептеу уақытын едәуір қысқартуды қамтамасыз ететіндігі байқалды.

117-126 293
Аңдатпа

Мақалада модельдерді әзірлеу және зерттеу сараптамалық талдау кезінде тәуекел көрсеткіштерінің бағдарламаларын іске асыру, ғарыш құралдарын құру мәселелері қаралды. Сараптамалық талдау әдістерін әзірлеудің ерекшелігі оларды кейіннен тәуекелдерді бағалаудың автоматтандырылған жүйесіне енгізу және ғарыш құралдарын құру бағдарламаларын іске асыру кезінде тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндерін бағалаудың және түзетудің бұрын әзірленген алгоритмдерімен интеграциялау қажеттілігі туындайды. Жүргізілген сараптамалық талдаудың мақсаты тәуекелдер көрсеткіштерін есептеу үшін керекті ақпараттық базис жасау болып табылады. Ұсынылған үлгілер мен тәсілдерді қолдану арқылы сараптамалық бағалау нәтижелерін бағдарламалық өңдеу үшін тиісті алгоритмдерді әзірлеуде дамытылады; бұдан басқа, әртүрлі жобалар мен КТҚС бойынша өңделген нәтижелерді сақтау үшін деректер базасы әзірленді. Болжам бойынша болашақта өнеркәсіптің басқа салаларына алынған шешімдерді масштабтау енгізіледі.

127-134 346
Аңдатпа

Мал шаруашылығы ел халқын құнды және жоғары калориялы тамақ өнімдерімен (сүт, ет, жұмыртқа және т.б.) қамтамасыз ететін экономиканың өзекті салаларының бірі болып табылады. Бұдан басқа, мал шаруашылығы кәсіпорындары жеңіл өнеркәсіп өнімдерін, оның ішінде аяқ киім, киім, мата, жиһаз және әр адамға қажетті өзге де заттар сияқты түрлерін дайындауға шикізат шығарады.
Ауыл шаруашылығының өсімдік шаруашылығы саласы үшін органикалық тыңайтқыштар өндіретінін де ұмытпаған жөн. Атап айтқанда, қазіргі танда мал шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру, күрделі салымдар мен үлестік шығындарды барынша азайтқан кезде кез келген мемлекеттің ауыл шаруашылығы үшін ғаламдық мәселе болып есептеледі. Қазіргі жағдайда өнімділіктің өсуінің басты факторы мал шаруашылығында автоматтандыруды, механикаландыруды, энергия үнемдейтін және басқа да инновациялық қарқынды технологияларды енгізу керек.
Мал шаруашылығы-ауыл шаруашылығы өндірісінің еңбек шығыны өте көп болғандықтан, мал шаруашылығындағы өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру саласындағы ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін пайдалану қажеттілігі туындайды. Бұл бағыт – мал шаруашылығы кешені кәсіпорындарының тиімділігін арттыру мақсатында айқын және басым.
Жекелеген процестерді автоматтандыру, содан кейін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (АЖ) қолдана отырып, барлық өндірісті кешенді автоматтандыру — ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының бірі болады.
Мақалада ферманы басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне шолу мен бағдарламалық және аппараттық моделін әзірлеу қарастырылады. Ұсынылып отырған бағдарламалық қамтама Arduino микроконтроллерінде барлық модульдерді бірыңғай автоматтандырылған жүйеге біріктіру үшін қолданылады. Сонымен қатар, ол фермадағы азық беруді бақылауға арналған, жасақталған құрылғы өз кезегінде адамның жұмыс процесіне әсерін азайтады. Кәсіпорынның басқару құрылғылары Arduino платаларында орындалады. Мал шаруашылығы фермаларын автоматтандыру бүгінгі күні өзекті мәселе болып отыр, өйткені шетелдік фирмалармен осы аталған өнімдер құны аз болып табылмайды. Сондықтан ірі фермалар үшін ғана емес, орта немесе шағын фермалар үшін де қолайлы құны бар отандық аналогты дайындаудың қажеттілігі орасан зор.

135-140 473
Аңдатпа

Топырақтың қатуы, аязды шоғыр мәселелері күрделі процесс ретінде есептелінеді. Аязды шоғырмен және топырақты ерітумен байланысты топырақтың деформациясын сандық бағалау геотехникалық инженерлер үшін маңызды нәселелер болып қарастырылады. Топырақтың физика-механикалық қасиеттерінің өзгеруі температуралық әсеріне байланысты. Мақалада Plaxis 2D көмегімен әртүрлі жүктеме әсерінен іргетастың отыруы берілген. Жаз және қыс кезінде модельдің кернеуленген-деформацияланған жағдайда пайда болған нәтижелерін талдау. Қада іргетастарының маусымдық қатып қалған топырақтардағы шөгуінің өзгеруі шамалы және көтеру қабілетіне әсер етпейді. Жұмыстың мақсаты Plaxis 2D бағдарлама арқылы соңғы элементтер әдісімен қолданып, қада іргетасының тік шөгіндісін есептеу кезінде пайда болған тұжырымдарын салыстыру. Бағдарлама дизайны объектінің нақты мәліметтеріне сәйкес келеді.

141-146 329
Аңдатпа

USB құрылғысының компьютермен кез келген өзара әрекеті микроконтроллер арқылы жүзеге асырылады және ол әрекеттерді іске асыруға мүмкіндік береді, басқару коды қалыпты пайдаланушының қолы жетпейтін өзінің жеке қызмет көрсету жадында сақталады. Әрбір USB құрылғысында кішкене физикалық және бағдарламалық әсермен қайта бағдарламаланатын контроллер чипі бар. Бұл жерде «BadUSB осалдығы» түсінігі пайда болады. Осы қауіп-қатер микрокодтардың бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуімен жұмыс істегендіктен, BadUSB қаупі жоғары. Windows, Linux, Macintosh тобының барлық операциялық жүйелеріне бағынышты болғандықтан, осы қауіптен қорғау күрделі. Көптеген осалдықтар үшін әмбебап шешім болып табылатын операциялық жүйені қайта орнатумен стандартты манипуляциялар BadUSB медиасымен зарарланған компьютерді «емдей алмайды». Осы мақалада BadUSB осалдығы бар құрылғыны құру кезінде эскиздердің жұмысын сипаттау және талдау және қорғаудың ықтимал әдістері келтірілген.

147-155 323
Аңдатпа

Техникалық жүйенің жөндеу жарамдылығымен қатар сенімділігін анықтайтын факторлар айқындалып, талданды. Техникалық жүйенің сенімділігіне жөндеу жарамдылығының әсері зерттелді. Жөндеуге жарамдылықтың төмендеуі бөлімшелер мен учаскелерге келіп түсетін машиналардың ұзаққа жарамсыз элементтерін ауыстыруды, тоқтап қалуды жоюды реттеу үшін жиі тоқтауды талап ететін себептердің бірі болып табылады. Техникалық жүйелердің сенімділігін, оның жөндеуге жарамдылығын жақсарту жолдары арқылы басқару әдістемесі әзірленді.
Жүйелердің жөндеу жарамдылығын бағалаудың қазіргі әдістері талданды және техникалық жүйелердің сенімділігін басқаруда оның жөндеу жарамдылығын графтар теориясын жақсарту жолымен жетілдірілген әдістемесі ұсынылды. Жетілдіру факторы деп аталатын ε көрсеткіші алынып енгізілді.
Техникалық жүйені пайдалану үрдісінде ақауларға байланысты тұтынушы үлкен шығындарға ұшырайды. Бұл ең алдымен ақаулықты жоюға кеткен шығындар және істен шыққан жабдықтың тоқтап қалуынан болатын шығындар. Жалпы жағдайда, жүйенің сенімділігі ұзақтылыққа, тұрақтылыққа және қауіпсіздікке байланысты болады.
Көбіне тозған элементті ауыстыру үшін компоненттер мен бөлшектердің өзара байланысын бұзып, жүйені толығымен бөлшектеу қажет. Демек, технологиядағы күрделі кемшіліктер тұтынушылар пайдаланған кезде жұмыс уақыты мен материалдық ресурстардың үлкен шығынын тудырады. Аталған әдістеме күрделі жөндеу кезінде бөлшектеу жұмыстарының технологиялық реттілігін, бөлшектеу және құрастыру уақытына бекітілген техникалық стандарттарды қолдануды ескереді.
Авторлардың алдыңғы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бөлшектеу кезінде жүйелерді бөлшектеу технологиялық процесі қолжетімділіктің 7 деңгейін, ал бөлшектерге арналған қозғалтқышты – 4 деңгейін қамтиды. Жүйелік элементтердің қолжетімділік деңгейі тұрақтылық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді. Осының негізінде жүйелік элементтердің сенімділік көрсеткіштерін олардың қолжетімділік деңгейімен байланыстыру ұсынылады.

156-163 339
Аңдатпа

Графен әртүрлі атомдар тобымен функцияландырылады. Бұл жұмыста біз химиялық функцияландырудың ең көп зерттелген әдісі тотығу үрдісі қарастырылған. Бірнеше жылдар бойына графенді синтездеудің қауіпсіз және тиімді жолдарын анықтауға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары үнемі жетілдірілуде. Графенді Хаммерс әдісі бойынша синтездеу жолы ең алғашқы және ең тиімді әдістерінің бірі. Графен тотықсызданған графит оксиді түрінде синтезделеді, кейде оны графен оксиді деп те атайды. Тотығу процесінің тиімділігін түзілген графеннің көміртек / оттек қатынасы арқылы бағаланады. Бұл жұмыста ГО және ТГО синтезі мен физика-химиялық талдауы берілген. ГО модификацияланған Хаммерс әдісі бойынша синтезделді, түзілген ГО гидразин моногидратының көмегімен химиялық тотықсыздандырылды. ГO және ТГO морфологиясы, сапасы, функционалды топтарымен ерекшеленді. Инфрақызыл спектроскопиялық талдау нәтижелерінен ТГO-мен салыстырғанда, ГО-нің оттекті функционалды топтарының көптігі айқындалды. Кейбір физика - химиялық талдау қорытындысынан, графит ГО-не сәтті тотығып, ал алынған ГО тиімді тотықсыздандырылып ТГO түзілгені анықталды.

164-169 506
Аңдатпа

Мақалада чат-бот «Алматек» арқылы пайдаланушыларға диалог жүргізу, қажетті ақпаратты тез және дәл алудың ең ыңғайлы әдістері қарастырылады. Бұл мақалада авторлар чат-бот «АлмаТека» жұмысының тұжырымдамалық схемасын сипаттады. Оларды құру және мессенджерлер мен қосымшалармен интеграциялау үшін платформалар мен сервистер көрсетілген. Сыртқы API базасында чат-бот «АлмаТека» бағдарламасы жасалды. Әзірленген алгоритм білім қорынан қажетті сұрақтарға жедел жауап іздеуге және мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Пайдаланушының сұрауына қанағаттандыратын жауаптарды сұрыптаудың сипатталған рәсімі тақырып бойынша іздеуді, сұрақтардағы сөздердің барынша сәйкес келуі бойынша іздеуді, байланыс деректері бойынша іздеуді қамтиды. Бұл ЖКХ қызметтері туралы, қызметкерлердің байланыс деректері туралы, қызметтер тарифтері туралы, кондоминиум мүшелерінің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алу сияқты күнделікті күрделі міндеттерді жеңілдетуге болады. Чат–бот «АлмаТека» басты артықшылығы бір мессенджер платформасында барлық функцияларды біріктіру мүмкіндігі болып табылады. Авторлар Қазақстандағы чат-боттарды пайдалану нарығын зерттей отырып, виртуалды көмекшілер (чат-боттар) қазіргі заманғы интернет маркетингте де үлкен сұранысқа ие деген қорытындыға келді. Онлайн кеңесшілер көптеген сайттарда, мессенджерлерде, әсіресе: интернет дүкендерде және қандай да бір қызмет түрлерін ұсыну алаңдарында бар. Олардың басты міндеті келушілерге негізгі ақпарат беру болып табылады. Бұл мақалада авторлар чат-боттардың жұмыс істеу механизмін, оларды құру алгоритмін қарастырады.

170-179 281
Аңдатпа

Мақалада медициналық көрсеткіштерді талдау міндеті үшін K-means кластерлеу әдісінің сипаттамасы және қолданысы туралы айтылады. Қалқанша безінің ауруларын диагностикалау кезінде деректерді зияткерлік талдауды жүзеге асырудың аспаптық құралын қолдануды эксперименттік зерттеу нәтижелері сипатталған. Кластерлеу әдісі нақты және жасырын тәуелді деректерді талдау кезінде ең тиімді әдістердің бірі болып табылады. Еңбекте қалқанша безінің ауруларын диагностикалауда шешім қабылдауды қолдау жүйесі үшін K-means кластеризациялау негізінде мысал келтірілген.

180-194 365
Аңдатпа

Компьютерлік модельдеудің әртүрлі әдістерін қолдану арқылы (соқтығысудың жақындауы, молекулалық динамика, енгізілген атом моделінің потенциалы, энергияны минимизациялау әдісі) кейбір процестердің ерекшеліктері (иондардың шашырауы, шашырау, канализация жағдайында имплантация, сонымен қатар нанокластердің тұнбасы және жұқа қабықтың өсуі) зерттеледі, бөлшектердің қатты бетімен әсерлесуімен бірге жүреді. Si (001), SiC (001), Cu3Au (001), Ni (100) және Cu (100) жалғыз кристалдарының беттерін сырғып иондармен бомбалау кезінде шашырау және шашырау процестері және 0,5-5 кэВ энергиясы бар Ar + және Ne + иондары арқылы оларды диагностикалау үшін қолдану және беткі модификациялар жұп соқтығысуды жақындату кезінде компьютерлік модельдеу арқылы анықталды. Қалыпты және жылжымалы беткейдегі ион имплантациясы жұп соқтығысу жақындауында зерттелді. Имплантация кезінде жіберілетін иондардың таралу профильдері кристалдық тордың түріне, иондардың түріне және олардың энергиясына байланысты қарастырылды. Төмен энергиялы иондардың жұқа бір кристалды металл пленкалар арқылы таралуын, пленканың артқы бетіне адсорбцияланған жеңіл атомдардың түрін және адсорбциялық учаскелерін байқауға болатындығы көрсетілген. Сәуленің параксиалды бөлігі үшін энергияның жоғалуына негізгі емес үлес қосатындығы білінді. Жұқа кристалдар мен тереңдіктің таралу профильдерінен өтетін иондардың энергия жоғалуы каналдың еніне және соқтығысатын бөлшектердің массалық қатынасына байланысты екендігі көрінді. AgnCom нанокластерлерінің Ag (100) бетіне түсуі және жұқа қабықтың өсуі классикалық молекулалық динамика әдісімен атомдық масштабта зерттелді. Орнатылған атом моделінің ықтимал моделі AgnCom нанокластерлерінің Ag (100) бетіне тұндыру энергиясында (0,25 эВ - 1,5 эВ/ атом) орналасуын зерттеу үшін сәтті қолданыла алатындығы көрсетілді. Классикалық молекулалық динамика аясында C60 фуллеренінің ақауы жоқ графеннің беткі және жиегіндегі адсорбциясы компьютерлік модельдеу арқылы зерттелді. Бір ақауы бар фуллереннің компьютерлік моделі екінші буынды Бреннер потенциалын пайдалана отырып, энергияны азайту жолымен жасалған. Фуллерендегі әрбір көміртек атомының байланыстырушы энергиясы анықталады. Фуллерен графен креслоларының шетіне жақсы адсорбцияланатыны және оның «бұрыштық» атомдарында нашар екендігіне көз жеткіздік.

195-200 355
Аңдатпа

Бұл мақала медициналық білім саласындағы виртуалды шындықты қолдануға және оның проблемаларына арналған. Авторлар қолданыстағы жобаларды қарап шықты және денсаулық сақтау мен білім беруге байланысты медициналық мектептерде, университеттерде және басқа ұйымдарда осы технологиялардың пайдаланылуын талдады. Виртуалды шындық технологиясын қолдана отырып бағдарламалық жасақтама жасалды, ол жүрек-тамыр патологияларын визуализациялауға мүмкіндік тудырады. Unity 3D ойын қозғалтқышы даму платформасы ретінде таңдалды. Негізгі функционал С # -де жазылған. Графикалық модельдер 3DsMAX көмегімен жасалды. Виртуалды шындық құралы ретінде Oculus Rift виртуалды шындық көзілдірігі қолданылды. Мақалада ұсынылған қосымшаның даму процесі, оның функционалдығы, сондай-ақ пайдаланушы интерфейсі сипатталған.

201-217 368
Аңдатпа

Орта Азия аймағындағы атмосфералық шекара қабатындағы процестердің және микрофизикалық процестердің параметрлендіру сызбасын таңдау мақсатында 2000-2016 жылдарға арналған 4 климаттық кезең үшін бақыланған және модельделген метеорологиялық параметрлер арасындағы айырмашылық есептеулері жүргізілді. Бақылау деректері жалпыға қолжетімді Ұлыбритания метеорологиялық кеңсесінің жаһандық мұрағатынан және Принстон университетінің беттік гидрологиялық зертханадан алынды. Аймақтық климаттық модельдің шектік пен бастапқы шарттары ERA-Interim реанализ мәліметтерінің негізінде белгіленді. Сандық эксперименттердің нәтижелері Орталық Азия домен шегіндегі жауын-шашынның 2м деңгейіндегі және жауын-шашынның орташа жылдық маусымдық өзгерісінің картасы түрінде ұсынылған. Микрофизиканың және шекаралық қабат сызбаларының үш комбинациясы қарастырылады: екі атмосфералық шекара қабатының сызбасымен (YSU және MYJ) гидрометеорлардың 5 классын қолданатын, Томпсонның бір моментті микрофизикалық сызбасы және YSU сызбасымен бірге гидрометеорлардың 6 классымен WRF Single Moment сызбасы. MYJ PBL және Thompson микрофизикасының шекаралас қабатының параметрлеу сызбаларын қолданғандағы модельдеу мәліметтері басқаларға қарағанда, тиімді және бақылаудың жауын-шашын мен жер қабатының температурасы туралы дерек-терге сәйкес екендігі анықталды.

ЭКОНОМИЧЕСКИЕ И СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ

218-224 264
Аңдатпа

Мақала жобаларды жоспарлау мен оптимизациялаудың заманауи құралдарын зерттеуге және практикалық пайдалануға, жеке тәжірибе бойынша жобаны жоспарлау және оңтайландыру қадамдарын сипаттауға арналған. «Primavera» бағдарламасының негізгі функциялары айқындалған, олар жобаны жоспарлау және іске асыру кезеңінде пайдаланылған, осы жобаның сәтті болуына ықпал еткен, келесі көрсеткіштермен өлшенеді: қауіпсіздік, мерзім, бюджет және іске асырудың жоғары сапасы. «Primavera» жоспарлау бағдарламасын қолданудың негізгі басты артықшылықтары: жобаның мерзіміне сәйкес келмеу қаупін азайту, шығындарды асыра пайдалану қаупін азайту, жобалық жұмысты тиімді жоспарлау және басқару, барлық жобалық ресурстарды басқаруды оңтайландыру, жұмыстың қазіргі жағдайы мен барысы туралы нақты түсінік, жобалық жұмыстың маңыздылығы, ол үшін түзету шараларын қабылдау және ресурстарды бағыттау қажет.

218-224 327
Аңдатпа

Мақала жобаларды жоспарлау мен оптимизациялаудың заманауи құралдарын зерттеуге және практикалық пайдалануға, жеке тәжірибе бойынша жобаны жоспарлау және оңтайландыру қадамдарын сипаттауға арналған. «Primavera» бағдарламасының негізгі функциялары айқындалған, олар жобаны жоспарлау және іске асыру кезеңінде пайдаланылған, осы жобаның сәтті болуына ықпал еткен, келесі көрсеткіштермен өлшенеді: қауіпсіздік, мерзім, бюджет және іске асырудың жоғары сапасы. «Primavera» жоспарлау бағдарламасын қолданудың негізгі басты артықшылықтары: жобаның мерзіміне сәйкес келмеу қаупін азайту, шығындарды асыра пайдалану қаупін азайту, жобалық жұмысты тиімді жоспарлау және басқару, барлық жобалық ресурстарды басқаруды оңтайландыру, жұмыстың қазіргі жағдайы мен барысы туралы нақты түсінік, жобалық жұмыстың маңыздылығы, ол үшін түзету шараларын қабылдау және ресурстарды бағыттау қажет.

225-231 287
Аңдатпа

Мақалада қызметкерлерді басқару парадигмасы контекстіндегі кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесінде қызметкерлерді ынталандыруды басқару моделі сипатталған, ол ұйымның қызметкерлерін ресурс ретінде де, ішкі тұтынушы ретінде қарастырады. Кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесінде мотивациялық процестерді қалыптастыру үшін қызметкерлердің жеке құндылықтарын анықтаудың орындылығы дәлелденді.

ЮБИЛЕЙНЫЕ ДАТЫ И ПЕРСОНАЛИИ



ISSN 1998-6688 (Print)
ISSN 2959-8109 (Online)