Preview

Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
Том 17, № 3 (2020)

НЕФТЕГАЗОВАЯ ИНЖЕНЕРИЯ

8-11 348
Аңдатпа

Бұл мақалада Батыс Қазақстан кен орны мұнайының әртүрлі үлгілерінің физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері және кен орны туралы қысқаша мәліметтер берілген.

ХИМИЯ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ

12-20 317
Аңдатпа

Соңғы жылдары, протон өткізгіш оксидтер оларды әртүрлі электрохимиялық құрылғыларда (отын жасушалары, сепараторлар және сутегі датчиктері және т.б.) қолдану мүмкіндігіне байланысты қарқынды зерттелуде. Атап айтқанда, LaNbO4 лантан ортониобаты - ABO3 перовскит құрылымды, аралас ион-электрон өткізгіштігі және 700°C-тан жоғары температурада 10-3 Ом-1 см-1 протон өткізгіштікке, сонымен бірге, ылғалды және байытылған СО2 ортасында жоғары тұрақтылық көрсетеді. Осы материалдар оттегі мен орташа температурада қатты оксидті отынның жасушаларын бөлуге арналған мембраналар құруға перспективті болып саналады. Алайда, зерттеулер лантан ортониобтарының электронды өткізгіштік жеткіліксіз екендігін көрсетті. Бұл мәселені шешудің бір тәсілі – металдар мен олардың құймаларын пайдалана отырып, олардың негізінде нанокомпозиттік материалдар жасау. Мұндай материалдардың құрамын, микроқұрылымын және құрылымын оңтайландыру отын жасушалары мен мембраналардың сипаттамаларын жақсартады. Зерттеуде алғаш рет металдардың нанобөлшектері және олардың NiCuOx, CoCuOx, NiCoAgOx құймалары жоғары критикалық ортада изопропанол спиртінің қатысында синтезделініп алынды. Құймалардың морфологиясы мен бөлшектердің мөлшері JSM-6460 LV (JEOL, Жапон) электронды микроскоп әдісімен, ал құймалардың фазалық құрамы CuKα сәулесі бар BrukerAdvance D8 дифрактометрде зерттелді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жоғары критикалық спирттерді пайдалану, металдар мен құймаларды бір сатыда алуға мүмкіндік береді. ПЭМ мәліметтері бойынша, күйдірілгеннен кейін алынған ұнтақтар шамамен 25-45 нм болатын сфералық нанобөлшектер болып табылады. Алынған биметалдық ұнтақтар протон өткізетін мембраналар құру үшін композиттер дайындауға және кеуекті субстратқа тұндыру үшін перспективті материалдар болып есептеледі.

21-26 326
Аңдатпа

Қазіргі уақытта ҚР Мұнай және газ өндіруде жетекші орынға ие, ҚР Үкіметі ішкі нарықты мұнай өнімдерімен және мұнай-химия мен химияны дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Бұл ретте мұнай-газ және қатты пайдалы қазбаларды бұрғылау кезінде қолданылатын суда еритін полиэлектролиттердің тапшылығын жабу үлкен маңызды орын алады. Бұл тапшылық басқа мемлекеттерден валютаға сатып алынатын суда еритін полимерлер есебінен жабылады. Бірақ бұл суда еритін полимерлер әртүрлі салалардың қолжетімділігі мен тиімділігі бойынша қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Осыған байланысты, өнеркәсіптік бұрғылау ерітінділерінің тұрақтандыратын іс-әрекеттеріне жауапты конформациялық сипаттамаларға олардың құрамының әсерін ескере отырып, жаңа полиэлектролиттерді алу тәсілін зерттеу маңыздылығына назар аударылды. Тәжірибелік тұрғыдан алғанда, перспективалық бағыттардың бірі мұнай-газ саласында суда еритін полиэлектролиттерді алу технологиясын әзірлеу болып табылады.

27-33 336
Аңдатпа

Бұл келтірілген мақалада, тозған автокөлік шинасы мен ауыр мұнай қалдығының термогравиметриялық анализдерінің (ТГА) нәтижелері бойынша, олардың масса жоғалту кинетикаларының есептеу нәтижелері көрсетілген. Қалдықтардың бұл түрі өздігінен биологиялық ыдырамайтын болып саналады. Сондықтан, бұл тектес қалдықтар әлем бойынша үлкен экологиялық қауіп-қатер туғызуда. Ал, осы мәселені басқа жағынан қарайтын болсақ, олар балама отындар мен түрлі органикалық қосылыстарды алуға болатын, яғни екіншілей өңдеуге келетін шикізаттың үлкен қоры болып табылмақ. Ауыр мұнай қалдықтарын тозған автокөлік шиналарымен бірге термокаталитикалық өңдеу жолы, қазіргі таңда ұтымды жолдардың бірі болып есептеледі. Көміртек құрамды қалдықтарды өңдеу үшін, ауыр мұнай қалдығы негізінде – сутегі доноры, шикізат және пастатүзгіш агент ретінде (шикізаттың біртекті қоспасын алу үшін) пайдаланылады. Зерттеуге алынған сынама үлгілердің ТГА нәтижелері бойынша, резина құрамды массаның 340ºC температурада, ал ауыр мұнай қалдығы 265ºC температурада күрт масса жоғалтатындары анықталды. Ауыр мұнай қалдығы автошина қалдығына қарағанда ерте термиялық ыдырауы, оның көміртекқұрамды қалдықтарды өңдеу процестерінде пастатүзгіш агент ретінде қолданылуына болатынын айқындайды. Coats-Redfern интегралдық әдісін қолдана отырып, зерттелетін қалдықтардың құрамындағы байланыстардың үзілуінің активтендіру энергиялары зерттелді. Сол зерттеулердің нәтижелері бойынша, 400-500ºC температуралық аймақта, автошина қалдығында С-С байланыстарының, ал ауыр мұнай қалдығында С-С және С-Н байланыстарының үзілетіндігі анықталды. Алынған нәтижелер, ауыр мұнай қалдығын, көміртекқұрамды қалдықтарды өңдеу процестерінде сутегі доноры ретінде пайдалануға болатындығын айқындайды.

34-40 987
Аңдатпа

Қазіргі таңда жылдан-жылға техногенді жүктеменің жоғарылауына қарай топырақтың өсімдіктерді әртүрлі коректі заттармен, ауамен, сумен, жылумен, биологиялық және физикалық-химиялық ортамен қамтамасыз ететін, сонымен қатар тұрақты жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік туғызатын қабілеттілігі жоғалуда. Осыған орай, бұл мақалада Түркістан өңірінің сұр топырағына агрохимиялық және химиялық талдауының нәтижелері келтіріліп, оның сапасына баға берілді. Мониторинг нәтижелері бойынша Түркістан өңірінің сұр топырағының құрамындағы гумус мөлшері өте төмен, тіпті 1 %-ға да жетпейтіні анықталды. Агрохимиялық көрсеткіштер бойынша калий элементіне аса бай, ал азот өте аз. Басқа ауылдық округтар мен салыстырғанда Түркістан қаласының топырағында фосфор элементінің мөлшері де өте аз (2 мг/кг) екендігі айқындалды. Мұның себебі фосфор топырақтағы органикалық және бейорганикалық қосылыстар құрамында кездесетіндігіне орай, топырақтың тозуы кезінде жоғары мөлшерде фосфордың тапшылығы байқалады.

41-44 291
Аңдатпа

Мақала мұнай кәсіпшілігі жабдығының тоттануы және онымен күресудің өзекті мәселесіне арналған. Мақала авторларының алдында әртүрлі тоттануға қарсы әдістер мен құралдарды қолдану проблемалары мен перспективалары туралы жинақталған мәліметтер мен деректерді жинақтау мақсаты тұрды. Бұл жұмыста Чинарев кен орнының қабаттық суында тоттанудан зерттеу нәтижелері келтірілген.

45-53 490
Аңдатпа

Мақалада қалдықтардың рециклингінің өзекті мәселелері қарастырылған. Қазіргі заманғы қоғамды дамыту, өндірістік күштерді және өндірістік қатынастарды жетілдіру барысында урбандалған аумақтар мен оларға іргелес аймақтарда өндіріс және тұтыну қалдықтарының жиналуы жүріп жатыр. Зерттеудің мақсаты Түркістан облысының шаруашылық-тұрмыстық қалдықтармен ластану проблемасын және оларды кәдеге жарату тәсілдерін зерттеу болып табылады. Шаруашылық-тұрмыстық қалдықтар жөніндегі материалдарды талдау нәтижесінде олардың жиналуының, орналастырылуының және кәдеге жаратылуының негізгі проблемалары анықталды. Елімізде шаруашылық-тұрмыстық қалдықтардың таралуын бақылау жөніндегі бірыңғай орталықтар жоқтың қасы. Рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындар мен қалдықтар көлемі шартсыз ұлғаюда. Елді-мекендер шегінде және қоқыс тастайтын аудандар мен т. б. қалдықтардың жиналу орындарында санитарлық-гигиеналық бақылау жеткіліксіз. Осы аталған мәселелер қалдықтарды басқарудың тиімді инновациялық әдістерін қолдану керектігін айқындайды.
Мақалада халық шаруашылығының түрлі салаларында тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды екінші рет пайдаланудың перспективалық бағыттары анықталған. Қалдықтардың санын азайту мақсатында материалдық-шикізат ресурстарын қайта өңдеуге кешенді тәсілдің қажеттілігі негізделген.

54-62 272
Аңдатпа

Қазіргі таңда перовскит типті құрылымды күрделі оксидтер физика-химиялық қасиеттердің ерекше жиынтығының арқасында катализде кеңінен пайдаланылады. Осыған байланысты жұмыста Фишер-Тропш синтезінде қолданылатын Со-құрамдас перовскит типті құрылымды катализаторларды синтездеу әдістері және физика-химиялық қасиеттерін зерттеу бойынша әдебиеттік дереккөздердің ең маңызды ғылыми еңбектеріне шолу жасалды. Перовскит типті құрылымы бар оксидтер ABO3 жалпы формуласына сай, мұнда А және В металл катиондары бола алатын көптеген аралас оксидтер жатады. А катиондары әдетте оттегіне жақын иондық радиусқа ие және оны сирек кездесетін жер (La, Pr, Sm, Ce), сілтілі-жер (Ca, Mg, Ba, Sr) немесе сілтілі (Na, K) металдары болуы мүмкін. В позициясындағы катиондардың иондық радиусы едәуір аз болуы керек, сондықтан ауыспалы металдардың көпшілігі (Fe, Ni, Co, Cu, Ti, Cr, Ru, Mn) бола алады. Перовскит типті құрылымды катализаторларды синтездеуде золь-гель, цитраттық және механохимиялық әдістер кеңінен пайдаланылады. Со-құрамдас перовскит типті құрылымды катализаторлардың белсенділігі және талғамдығы синтездеу әдісіне, беттік ауданының өлшеміне сонымен қатар тасымалдағыштың табиғатына тәуелді. Ауыспалы металдармен модификациялау перовскит типті құрылымды катализаторлардың белсенділігін едәуір күшейтеді. Сонымен қатар СО конверсиясы томенгі температурада жоғары пайызға жетеді.

63-68 328
Аңдатпа

Бұл мақалада Ag-MMT/Ca-ALG бионанокомпозиті микробөлшектерінің ісіну кинетикасын және рН пен құрамындағы күмістің мөлшеріне байланысты олардан күміс иондарының босап шығуын зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде күміс иондарының Ag-MMT/Ca-ALG микробөлшектерінен ұзақ босап шығатындығы, BNC-ден күміс иондарының босап шығу деңгейі олардың құрамындағы Ag-MMT артқан сайын жоғарылайтыны және бұл микробөлшектерде айтарлықтай рН-сезімталдық жоқ екендігі анықталды.

69-73 264
Аңдатпа

Берілген жұмыста, электрохимиялық сызықты және циклді вольтамперометрия әдістерін қолдана отырып әртүрлі электродтарда (шыныкөміртек; нафион; күріш қауызды нафион) мыс иондарының тотығу – тотықсыздану үдерістері қарастырылды. Мыс иондарын электрохимиялық жолмен анықтауда күріш қауызымен түрлендірілген электрод оңтайлы нәтиже байқатты. Потенциал берілу жылдамдығының артуымен мыс иондарының тотығу-тотықсыздану үдерістерінің қарқынды жүретіні айқындалды. Мыс иондарының төмен концентрациясын 10-8М анықтауда күріш қауызымен түрлендірілген электрод оңтайлы нәтиже көрсетті.

74-79 312
Аңдатпа

Бұл жұмыста аллил спирті мен нитрилді акрил қышқылымен сополимерлену өнімдері алынды, одан кейін гидролизденді. Ерімейтін сополимерлену өнімдері суда еритін күйге ауыстырылған, содан соң натрий гидроксиді қатысында гидролизденген, яғни полимераналогиялық түрлендірілу жүргізілген. Сополимерлену және гиролиз өнімдерін сипаттау үшін суда еритін полиэлектролиттердің кейбір физика-химиялық қасиеттері зерттелген.

80-84 330
Аңдатпа

Бұл жұмыста FDTD модельдеу негізінде шағылысу коэффициентін модельдеу кезінде екі қабатты шағылысқа қарсы (PS/DLC) жабынның кеуекті кремний мен алмаз тәрізді көміртегі қабаттарының қалыңдығы үшін оңтайлы мәндер анықталды. Жігерлендірерлік нәтижелер қабаттың келесі параметрлерімен алынды: n(DLC) = 2.4, d(DLC) = 50 нм; және n(PS) = 2.2, d(PS) = 100 нм. 530-560 нм аралығында шағылысу шамамен 0,5% құрады, ал шағылу минимумы шамамен 535 нм аймақта орналасқан. Жалпы, 400-700 нм көрінетін диапазонда шағылысу 2,5%-дан аспайды. Көрінетін диапазонда шағылысты айтарлықтай төмендетуге болатындығы (34,5%-ке), сол арқылы күн батареяларының тиімділігін арттыруға мүмкін екендігі айқын көрсетілген.

85-94 313
Аңдатпа

Ортаның рН-ы жабынның өсуіне және бетінің морфологиясына айтарлықтай әсер етеді. Жинақтау әдісі (LBL) көмегімен қарсы зарядталған полиэлектролиттер негізінде кремнийлі және шыны төсеніштердің бетіне жабындар алынды. Поликатион және полианион ретінде сәйкесінше хитозан мен натрий карбоксиметилцеллюлоза қолданылды. Полиэлектролиттерді таңдау олардың биоыдырауы мен үйлесімділігіне негізделген. Атомдық-күштік микроскоптың (АСМ) көмегімен төсеніш бетінің адгезиясы бағаланды, нәтижелер кремний төсеніштерімен салыстырғанда шыны пластиналардың бетінде адгезияның төмендігінен жұқа тегіс жабындар пайда болатынын байқатты. Сонымен қатар биқабаттардың кедір-бұдырлығы зерттеліп, жабынның қалыптасу кезеңдері көрсетілді. Хитозан/Na-КМЦ негізінде алынған жабын қалыңдығының рН-қа тәуелділігі эллипсиометрия әдісімен анықталды. рН = 3,4 және 6 кезінде алынған жабындарменен салыстырғанда рН = 5 кезінде жиналған жабын қалыңдығының өсу жылдамдығының баяулығы бақыланды, бұл полиэлектролиттердің конформациясымен түсіндіріледі. Осылайша, полиэлектролиттердің заряд тығыздығын бақылай отырып, имплантацияланатын жүйелер үшін бактерияға қарсы жабындарды жасауға болатыны дәлелденді.

95-101 295
Аңдатпа

Изотермиялық ерігіштік әдісімен «Fe2(SO4)3 – Zr(SO4)2 – Н2О» үштік жүйесі 35°С-де зерттелінді. Жүйе сулы ортада темір сульфаты мен цирконий сульфатының химиялық өзара әрекеттесуі нәтижесінде құрамдары Fe2(SO4)3 • Zr(SO4)2 • 10Н2О және Fe2(SO4)3 • 3Zr(SO4)2•21Н2О жаңа қосылыстардың түзілуімен сипатталады.

102-106 324
Аңдатпа

Бұл жұмыста “lumerical FTDT” бағдарламасын қолдана отырып, жылтыратылған кремнийдің үстіне шөгілген шағылысқа қарсы SiC/MgF2 жабындардың қабаттарының оңтайлы қалыңдығын анықтау үшін модельдеу жүргізілді. SiC(60 нм) + MgF2(110 нм) екі қабатты құрылым толқын ұзындығы 500-ден 800 нм-ге дейінгі ең төменгі шағылысты (<0,5%) көрсетті. Алайда, кремнийлі күн батареясының жарық сіңіруін және қысқа тұйықталу тогының тығыздығын талдауы SiC/MgF2 шағылысқа қарсы ауытқу қабаттардың арасында SiC(50 нм) + MgF2(110 нм) екі қабатты құрылым ең тиімді болып табылады. Бұл 317-485 нм аймақтағы шағылыстың төмендігі мен және күн батареясының ток тығыздығының 179,0 А/м2-ге дейін өсуімен байланысты.

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

107-112 255
Аңдатпа

Мақалада панельдердің жұқа сыртқы қабаттарында түйреуіштер түрінде икемді байланыстарды бекіту күшін және зерттеу кезінде олардың бекітілуінің төзімділігін тексеру: қабаттар өзара ығыстырылған кезде жүргізілген зерттеулер нәтижелері келтірілген. Бетон қабаттарына бекітілген икемді облигацияларға «ығысу жағдайы - сәйкестік» эксперименттік тәуелділіктер алынады және олар қабылдаған шекті күш анықталады. Жіңішке темір-бетон элементтеріне – беріктігін есептеу үшін стандартталған әдістердің үш қабатты панельдерінің қабаттарына жарамдылығы тексеріледі. Иілгіш қосылыстар мен оқшаулаудың арқасында қабаттардың бірлескен жұмысының жүк көтергіштігіне әсері эксперименталды түрде зерттелген. Ауыспалы аралық және көлденең арматураның сыртқы мойынтірек қабаттарымен монолитті байланысқан аз күші бар жеңіл бетонның орта қабаты бар үш қабатты темір-бетон конструкцияларының көтергіш қабілетіне әсері анықталған. Икемді үш қабатты темір-бетон конструкцияларының беріктігін есептеу үшін тәжірибелік негізделген ұсыныстар әзірленді.

113-118 302
Аңдатпа

Мақалада изотропты пластинаны айнымалыларды бөлу әдісімен орнықтылыққа есептеу қарастырылған. Бойлық жағы қысылған жағдайдағы пластинаны орнықтылыққа есептеуі жүргізілген. Айнымалыларды бөлу әдісі қолданылған. Алынған нәтижелер әдебиеттегі шешімдердің нәтижелерімен салыстырылған.

119-124 334
Аңдатпа

Фуллерен синтезінің ерекшеліктерін зерттеу осы класстағы наноқұрылымдардың қалыптасу процесін түсінуге мүмкіндік береді. Толыққандылық пен тазалықтың өнімділігін арттыру бізге экономикалық сыныптың жаңа материалдарын жасауға жақындауға жағдай тудырады. Бұл жұмыс доғалық разряд әдісімен фуллерендер өндірудің тәжірибелік әдісіне арналған. Фуллерендердің тазлығы мен кірістілігі синтез параметрлеріне, атап айтқанда газ қысымына, кернеуге, ток күшіне, сондай-ақ электродтарды дайындауға байланысты екендігі анықталды. Аталған жұмыста графитті электродтардың десорбциясы қосалқы жабдықты пайдаланбай көрсетілген. Фуллерендерді синтездеу үшін Кретчмер принципі бойынша жиналған реактор қолданылды, толуол ерітіндісімен экстракция жүргізілді.

125-130 288
Аңдатпа

Бұл жұмыста кеуексерпімділіктің алғашқы бастапқы-шекаралық динамикалық есептердің шешу үшін есептеу экспериментінің нәтижелері келтіріледі. Шешім шеттік шарттары бар сәйкес қарапайым дифференциалдық теңдеулер жүйесінің аналитикалық шешіміне Лаплас және Фурье сандық кері түрлендірулерін қолдану арқылы алынған. Лаплас кері түрлендіруін есептеу үшін функциялардың мәндерін Талбот әдісімен параллель есептеу ең орнықты әдіс ретінде қолданылған.

131-136 332
Аңдатпа

Бұл мақалада, python3 бағдарламалау тіліндегі моделін неғұрлым сапалы үйрету үшін әртүрлі деректер дайындау алгоритмдерін пайдаланудың техникалық-экономикалық негіздемесі саналады. Деректер жиынтығында жетіспейтін шамалармен өзара әрекеттесу әдістері және әрқилы факторларға байланысты оларды жою әдістері қарастырылған. Номиналды айнымалыларды Scikit-Learn код жиынтығындағы модельдерін оқытуға қолайлы формаға түрлендірудің алгоритмдері ұсынылған. Сондай-ақ бинарлық классификация моделінің мысалында F1 өлшеміндегі ең жоғары болжамды қабілетке жету үшін мәліметтерді түрлендіру алгоритмдерін біріктіру әдісі беріледі.

137-145 300
Аңдатпа

Терең кеңістікте орналасқан жер қыртысының сейсмикалық құбылыстарға байланысты бүлінуі кезінде дербес түрдегі дараланған акустикалық сигналдардың пайда болатыны анықталған. Табиғаты осы тектес сигналдармен қосарласа туындаған ғарыш сәулесінің энергиясы жоғары мюондары арасында уақытқа байланысты айтарлықтай статистикалық мағынасы бар корреляцияның қалыптасатыны белгілі болды. Бұл жағдай өтімділігі жоғары мюон бөлшектерінің жер асты тереңдігінде әлсіз ионизация арқылы триггерлік әсерді туғызуы туралы болжамды дәлелдеуінің куәсі болса керек. Нәтижесінде сейсмикалық белсенділігі жоғары жер қыртысының бүлінуімен қатар, оның айналасында қордаланған серпімді энергияның босануына, сол арқылы дербес акустикалық сигналдың таралуына мүмкіндік туады. Егер бұл құбылыстар нақты эксперименттермен толық дәлелденетін болса, оның нәтижелері жер сілкінісі туралы болжамдық мағынадағы пікірлерді шешу жолындағы маңызды және құнды еңбектер қатарына қосылары анық.

146-153 346
Аңдатпа

Плотиналар су жинау және сақтау, электр энергиясын өндіру, су тасқынынан қорғаудың және суарудың маңызды нысандарының бірі болып табылады. Бұл мақалада плотинаның бұзылуын үш өлшемді модельдеудің сандық нәтижелері берілген. Ұсынылған сандық модель сандық нәтижелерді эксперименттік өлшемдермен және басқа авторлардың сандық нәтижелерімен салыстыру арқылы расталды. Сандық әдіс сығылмайтын тұтқыр сұйықтықтың ағынын сипаттайтын Навье-Стокс теңдеуінде негізделген. Су бетінің қозғалысы массаны қатаң сақтауға әкелетін сұйықтық көлемдер әдісі (VOF) арқылы іске асырылады. 3D модельдің нақтылығы мен сенімділігі шағын дамбаның бұзылуына арналған зертханалық тәжірибені қолдана отырып сыналды. Көрсетілген модель ағынның соққы қысымын дәл болжайтыны айқындалған. Дамба бұзылғаннан кейін кедергінің қай бөлігінде максималды қысым болатыны анықталды. Плотинаның бұзылуын үш өлшемді модельдеуде әртүрлі кедергілер қарастырылды, олардың көмегімен соққы қысымын төмендетуге болады. Аталған сандық нәтижелерден кедергінің тиімді түрі екені нақтыланды және оны негізгі плотина үшін қосымша қауіпсіздік дамбасы ретінде пайдалана аламыз.

154-158 322
Аңдатпа

Бұл жұмыста құрамында хитозан (CHT) және желатин (GEL) бар кальций альгинаты (Ca-Alg) микробөлшектерінің pH – сезімталдығын зерттеу нәтижелері талқыланды. Ca-Alg микробөлшектерінің құрамына ХТН және GEL енгізу барысында оның ісіну жылдамдығын реттеу мүмкіндіктерін және ортаның рН-ын өзгерту арқылы ісікке қарсы метотрексат (МТХ) препаратының босап шығу мүмкіндігі көрсетілген. Бұл заңдылықтар МТХ препаратының ағзаға түсу жылдамдығы мен жаңа полимер материалдарын жасауға және одан дәрілік заттың босап шығуын алдын ала болжауға мүмкіндік береді.

159-164 297
Аңдатпа

Соңғы жылдары әлеуметтік желілерді талдау мәселесі әлеуметтанулық зерттеулердің формальды теориясы саласынан әлеуметтік құрылымдарды зерттеудің қазіргі заманғы стратегиясына ауысады.
Ұсынылып отырған жұмыста әлеуметтік желілердің эволюциясы мен талдауының мәселелеріне арналған теориялық және қолданбалы зерттеулерге шолу жасалды. Кейбір танымал әлеуметтік желілердің қысқаша сипаттамасы келтірілген, оларды талдау үшін жеке веб-сервистер мен бағдарламалық қосымшалар көрсетілген. Әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы енгізілген бағдарламалық өнім үшін пайдаланушылар тобын іздеу міндеті қарастырылады. Оны шешу үшін әлеуметтік желілерді зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері талданады. Кластерлеу әдісінің нәтижелері бойынша алынған жиындарды тексеруді көздейді. Нәтижеге келе, бағдарламалық өнімді пайдаланушылар өте көп. Таңдалынған әдіс әлеуметтік желі контентін талдау негізінде бағдарламалық өнімді пайдаланушыларды анықтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

165-172 612
Аңдатпа

Зерттеу мақсатына сәйкес бірінші кезектегі міндет деректерді бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіру саласындағы қолданыстағы шешімдерді талдамалы шолу болып табылады, яғни интеграциялайтын жүйелердің қолданылатын архитектураларының ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өту қажет. Бұл Ақпараттық жүйелер деректерінің құрылымдық және семантикалық біртекті еместігімен байланысты проблемаларды бөліп көрсетуге, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді біріктіруге көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша әлемдік көшбасшылар деректерді интеграциялау бойынша өздерінің дайын шешімдерін ұсынады. Оларды қарау теориялық тәсілдерді зерттеуді толықтырады және интеграцияланатын жүйелерді құру кезінде дамыту және пайдалану қажет бағыттарды анықтайды. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау кезінде ақпараттың семантикалық біркелкі емес проблемасын шешу үшін пәндік саланың онтологиясын қолдану ұсынылады. Осы жұмыста ақпараттық жүйелердің деректерін интеграциялау міндеті деректерді бірыңғай ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында әр текті Ақпараттық жүйелер мен ресурстардан (репозиторийлерден) ақпаратты интеграциялау міндеті ретінде қарастырылады. Біртекті емес Ақпараттық жүйелерді дұрыс интеграциялау мақсатында олардың негізінде жатқан онтологиялардың ортақтығы мен айырмашылықтарын анықтау, сонымен қатар біртекті емес онтологиялық ерекшеліктерді келісу және одан әрі ақпаратты түрлендіруді жүзеге асыру қажет. Нәтижесінде семантикалық мәнді деңгейде тапсырманың пәндік саласы контекстінде біртекті емес ақпараттық жүйелердің бірлескен жұмысы қамтамасыз етіледі. Онтологиялардың келісімі бойынша зерттеудің жай-күйін талдау қолданыстағы әдістер негізінен бейресми және сарапшының адамның субъективті пікіріне негізделгенін көрсетеді. Жеке жағдайлар үшін бұл әлі күнге дейін тереңірек зерттелмегенін байқадық.

173-179 328
Аңдатпа

Қазіргі таңда уақытты және қаржылық шығынды азайту мақсатында белгіленген қасиеттер бойынша жаңа дәрілік препараттарды жасауға арналған инновациялық әдістерді әзірлеудің келешегі зор. Тиімді дәрілік қосылыстарды іздеу өте үлкен көлемдегі химиялық мәліметтерді өңдеуге тура келетін күрделі, көп сатылы үдеріс болып табылады. Дәрілік қосылыстардың «құрылым-қасиет» тәуелділігін болжау үшін жасанды интеллектің заманауи әдістерін қолдану өзекті болып келеді. Мақалада жасанды иммунды жүйелердің модификацияланған алгоритмдерінің негізінде жасалған болжаудың Smart-технологиясы ұсынылған. Smart-технологиясының тиімділігін бағалау ақаудың туындау салдары мен себептерін талдауға арналған FMEA (Failure Mode and Effects Analysis) әдістемесінің көмегімен жүзеге асырылады. Зерттеу жасалған FMEA моделі Smart-технологиясының этаптарының жұмыс істеуінің тәуекелін бағалауға арналған.

180-186 335
Аңдатпа

Ғылымның түрлі салаларында және қолданбалы зерттеулерде байес желілері себеп -салдарлық ықтимал байланыстарға ие күрделі процестерді зерттеуге арналған қуатты құрал болып табылады. Байес желілерінің аппаратына негізделген модельдерді іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдарға қажеттілік туындады. Бағдарламалық өнімдер нарығы осы қажеттілікке тез жауап берді. Байес желілерімен жұмыс істеу үшін көптеген нақты бағдарламалық өнімдер пайда болды. Мақалада байес желілерімен жұмыс істеудің кейбір мәселелері қарастырылады.



ISSN 1998-6688 (Print)
ISSN 2959-8109 (Online)