Preview

Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
Том 16, № 2 (2019)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

НЕФТЕГАЗОВАЯ ИНЖЕНЕРИЯ

7-11 324
Аңдатпа

Осы мақалада гидравликалық ағым бірліктердің Қазақстан Республикасында орналасқан коллекторға талдау әдістері қарастырылған. Гидравликалық ағым бірліктер коллекторды бірнеше сипаттамалары ұқсас блоктарға бөліп талдау петрофизикалық әдісі. Осы әдістеме кеуектердің геометриясын бір литофациясындағы өзгерістерді анықтауға арналған. Басқаша айтқанда, гидравликалық ағым бірлігін былай сипаттауға болады: бір қабаттың тау жынысының ішіндегі петрофизикалық және геологиялық қасиеттері флиюдтің ағымына әсер етіп, басқа тау жыныстан ажыратылуы туралы. Осы зерттеуде Winland R35 әдісі керннің петрофизикалық қасиеттерін талдау үшін қолданған. Талдау бойынша коллектор өте біртекті емес екенін және көп таралған және беріштігі мол коллекторларға жататыны көрсетілген. Коллектордың сапа индексі коллектордың сапасын Теңіз және Баккен кенорындарының петрофизикалық ақпаратпен салыстырылып анықталған.

ХИМИЯ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ

12-21 949
Аңдатпа

Зерттеу жұмысының нысаны ретінде мұнай және химия өнеркәсіптеріндегі күкірт қалдықтары және олардың өнімдері, қалдықтар негізінде алынған биопрепараттар. Жұмыстың мақсаты – күкірт қалдықтарын утилдеу арқылы биологиялық белсенділік, тыңайтқыштық, мелиоранттық және басқа да пайдалы қасиеттер тән жаңа тауарлық өнімдерді алу әдістерін жасау.

Теориялық және тәжірибелік зерттеулер негізінде мұнай өнеркәсібінің күкірт қалдығынан «СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылын алғанда түзілген күкіртперлит құрамды қалдықты өңдеу мен жүзеге асырудың технологиялық тұрғыдан тиімді жаңа жолдары анықталды.

Мұнай өнеркәсібінің күкірт және күкірт қышқылы өндірісінің күкірт құрамды қалдықтарын қайта өңдеу негізінде алынған өнімдерден түрлі қолданысқа бағытталған жаңа биологиялық белсенді препараттар алу мүмкіншілігі көрсетілген, мысалы, емдеу-профилактикалық құралдар мен тыңайтқыштар, мелиоранттар.

Күкірт қышқылы өндірісінің күкіртперлит құрамды сүзгілік қалдықтарын еритін (сульфаты, гидросульфаты, тиосульфаты, полисульфиді, гидроксиді) және ерімейтін (күкірт, перлит және т.б) қосылыстарға бөлу үшін ыстық сумен өңдеу әдісі ұсынылды.

Сулы экстракт негізінде трихофития ауруына шалдыққан ауылшаруашылық жануарларын толыққанды емдеу үшін жаңа композициялық құрам жасалды. Күкіртперлит құрамды қалдықтарының суда ерімейтін бөлігімен далалық зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижелері оны тыңайтқыш – мелиорант ретінде сұр топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерін жақсартуға, ауылшаруашылық өнімдерінің өнімділігін жоғарылатуға қолдану қажеттілігі туралы тұжырым жасауға арқау болды.

22-29 343
Аңдатпа

Мақалада өндірістік ағын суларды тазартудың жолдары қарастырылған. Сондай-ақ, зерттеу барысында ағынды суларды тазартуға арналған сорбенттер дайындалды. Зерттеу нәтижесінде бентонитті түрлендірудің және Cd2+ иондарының сорбция процесін жүргізудің тиімді жағдайлары анықталды. Түрлендіру – бастапқы материалдың сорбциялық сипаттамаларын арттырады. Металдар сорбциясының кинетикалық қасиеттері және адсорбциялық изотермалары есептелген. Сонымен қатар, сорбциялық қасиетке модификатордың концентрациясының әсері зерттеліп, сорбенттің оңтайлы құрамы анықталды.

30-34 355
Аңдатпа

Сары грунттар Қазақстанда кеңінен қолданылады және олардың инженерлік-геологиялық есептеулері зерттеулерге арналған. Осының салдарынан – үйлер мен ғимараттардың деформацияларының біркелкі таралмауы шөгуге алып келеді. Мақалада авторлар сейсмикалық сілкіністердің нәтижесінде ылғалданған грунттардың құрылымын эксперименттік жағдайда анықтауға болады. Тербеліс жағдайында грунттар қабатындағы физикалық үдерістерді негіздеу сейсмикалық шөгу шегі төзімділікке тікелей байланысты. Орындалған зерттеулерге сүйенсек, сары грунттардың кедергісін (беріктігін) есептеуге арналған формула ұсынылған. Мұнда грунт қабаттарының сейсмикалық шөгуінің деформациясы көрсетілген. Осындай грунттарда салынған үйлер мен ғимараттардың беріктігі, тұрақтылығы мен ұзақ мерзімділігі негізінен сіңіру мүмкіндігін толықтай жоюға байланысты айқындалған.

35-40 312
Аңдатпа

Мақалада фосфор шикізаты құрамынан висмут қоспаларын бөліп алу үрдісі қарастырылған. Зерттеу жұмысы барысында висмут қоспаларын тұз қышқылымен шаймалап сілтілендіру арқылы бөліп алып, үрдіске әртүрлі факторлардың, атап айтқанда, пульпаны араластыру қарқындылығының, реагент концентрациясының, қатты және сұйық заттардың қатынасының, процесс температурасының және уақыттың әсері зерттеліп, үрдісті жүргізудің оңтайлы шарттары анықталған.

41-50 306
Аңдатпа

Бұл ғылыми жұмыста Қаратау фосфориттерінен сирек жер элементтері және ауыспалы элементтерін бөліп алу баяндалған. Ауыспалы элемент ретінде цинкқұрамды қосылыстар таңдалды. Одан әрі «ULVAC JAPAN, Ltd.» компаниясының көміртекті нанотүтікше құрылғысында CN-CVD-100» әдісімен цинкқұрамды көміртекті нанобөлшектер алынды.

51-59 305
Аңдатпа

Осы жұмыста «Алюминий сульфаты-мыс сульфаты-су» жүйесіндегі компоненттердің өзара әрекеттесуін 25 0С-де изотермиялық ерігіштігі әдісімен зерттеудің нәтижесінде қатты фаза түрінде жаңа гетерополиядролы қосылыс түзілетін ерітінділердің концентрациялық шектері алынған. Олардың молекула құрамы мен құрылымы ИҚ – спектроскопия, рентгенодифрактометриялық және термогравиметриялық талдау әдістерімен зерттелді.

60-66 320
Аңдатпа

Осы жұмыста, поли-α-олефин майын гидрлеуге тиімді катализатор тасымалдағышын алу үшін, металды тасымалдағышқа отырғызудан бұрын, бастапқы диатомит термиялық және тұз қышқылы ерітіндісімен өңделінді. Диатомит үлгілерінің беттік құрылымы және морфологиясындағы өзгерістер сканерлеуші электрондық микроскопия, рентгендік флуоресценция, азот адсорбциялық (БЭТ) әдістерімен сипатталды. Активтендірілген диатомитке адсорбциялық әдіс арқылы 1,0 мас.% Pd/ Д-HCI-500 катализаторы дайындалып, тасымалдағыштағы палладий бөлшектерінің орташа размерлері жоғары дәлдіктегі трансмиссионды электрондық микроскопия көмегімен анықталды. Жасалынған катализатордың активтілігі поли-α-олефин майын гидрлеу реакциясында 1,0 MPa сутегі қысымы және 120 0 C температурада, Parr-4848 маркалы периодттық реакторда сыналды.

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

67-71 352
Аңдатпа

Алты еркіндік дәрежесі және үш аяғы бар немесе трипод параллель манипуляторлар алты еркіндік дәрежесі және алты аяғы бар немесе гексапод параллель манипуляторларға қарағанда үлкен жұмыс алаңы және қарапайым сингулярлық конфигурациясына ие. Берілген мақалада 3-PRRS және 3-PRPS түрдегі трипод параллель манипуляторлардың құрылымдық синтезі жүргізілген және олар-дың геометриясы қарастырылған, мұнда P, R, S – сәйкесінше ілгерілемелі, айналмалы және сфералық кинематикалық жұптар.

72-76 444
Аңдатпа

Мақалада әртүрлі мақсаттарда қолданылатын жоғары деңгейдегі автономды және мобильді гуманоидтық роботты құру мүмкіндіктері қарастырылады. Бұл гуманоидтық робот жылжымалы және үш дөңгелегі арқылы қозғалады, олар әртүрлі маневрлерді орындау үшін оңтайландырылған, «дене» бөліктерінің қозғалысы да адам қозғалысын қайталайды. Құрастыру кезінде қоғамның барлық таптарына алуларына ыңғайлы және өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін арзан әрі қолжетімді материалдар пайдаланылады. Гуманоид-робот арқылы адам-ашиналық диалогты сақтау алгоритмін құру мүмкіндіктері талданады. Гуманоидтық робот телеметрия мәліметтері түріндегі кеңістіктік деректерді және температураның, атмосфералық қысымның, ауадағы зиянды ластағыштардың болуын және концентрациясын, жарық деңгейін және шоғырлану сияқты кеңістіктің ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты алуға мүмкіндік беретін екі камерамен, көптеген сенсорлармен жабдықталған. Сондай-ақ, роботтың алдыңғы бөлігіне екі камера және 1920x1080 өлшемді Full HD экран орнатылған. Бұл гуманоидтық робот мүмкіндігі шектеулі жандар (МШЖ) үйде және жұмыста әртүрлі қызметтермен қамтамасыз ету үшін жасалады. Бұл гуманоидтық робот, сонымен бірге, қызмет көрсету секторында бірқатар басқа да мақсаттарға қолданылуы мүмкін. Негізгі идея – роботты пайдалану арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіру. Қазіргі мұражайлар мен мейрамханалар үшін модельдер әзірленеді. Адам роботты үлкен қашықтықта басқара алады. Гуманоид роботын басқару үшін компьютерлік ойындарда негізгі бақылау дағдылары жеткілікті болады. Робот гид немесе официант ретінде жұмыс істей алады, осылайша мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрақты табыс табуын қамтамасыз етеді. Бастапқыда гуманоидтық робот мүгедектерге экскурсиялар жүргізуге және қажет болған жағдайда басқа роботтарды бақылау дағдыларына үйретіледі.

77-81 330
Аңдатпа

Берілген жұмыста бұрын алынған тұрақты және айнымалы параметрлер негізінде бинарлы звенолардың геометриясын және кинематикалық жұптардың элементтерінің салыстырмалы қозғалысын сипаттайтын 3-PRRS түрдегі параллель манипулятордың бинарлы звеноларының және кинематикалық жұптарының матрицалары құрылды. Осы түрлендіру матрицаларын пайдаланып, қарастырылып отырған манипулятордың кері кинематикалық есебі шығарылды.

82-86 309
Аңдатпа

Аталған жұмыста бұрын алынған тұрақты және айнымалы параметрлер негізінде бинарлы звенолардың геометриясын және кинематикалық жұптардың элементтерінің салыстырмалы қозғалысын сипаттайтын 3-PRPS түрдегі параллель манипулятордың бинарлы звеноларының және кинематикалық жұптарының матрицалары құрылды. Осы түрлендіру матрицаларын пайдаланып, қарастырылып отырған манипулятордың кері кинематикалық есебі шығарылды.

87-96 269
Аңдатпа

Светодиодты қуат көздерінің концепцияларын және схемотехникалық шешімдерін зерттеу жұмыстың мақсаты болып табылады.

Схемотехникалық шешімдер функционалды сынақтардан өтеді. Жаңа пассивті түзетушілер, светодиод тоғын тұрақтандыру сияқты схемалар драйвердің әртүрлі жұмыс жағдайларында қажетті функционалды сипаттамаларға қол жеткізу үшін тексеріледі. Өзгеретін кіріс желілік кернеу, қоршаған ортаның температурасы, бос жүріс, қысқа тұйықталу, шығыс жүктеменің шамасы, динамикалық процестер және т.б. жұмыс шарттары болып есептеледі. Әрбір схемотехникалық шешім сынақтарда көңіл бөлінетін жеке мақсаттық функционалды көрсеткіштерге ие. Токты тұрақтандырудың көрінісінің негізгі мақсаты – оның дәлдігі және ПӘК.

97-101 286
Аңдатпа

Мақалада графитті нысанды импульсті плазма ағындарымен тозаңдатқанда, темір мен көміртегі қосылысы – темір карбидінен тұратын сфералық нанобөлшектер құралатындығы көрсетілген. Алынған мәліметтер медицина, электроника және де басқа салаларға арналған берілген қасиеттерге ие нанокомпозиттерді синтездеудің жаңа әдісін жетілдіруге мүмкіндік береді. Қолданылатын әдіс плазма ағыны параметрлерін түрлендіру арқылы көпфункциялы нанокомпозиттерді басқарылатын синтездеуге жол ашады. Көміртекті қабықшасы бар темір карбидінен тұратын нанобөлшектерді алу бойынша зерттеу жұмыстарының практикалық маңыздылығы әсіресе медицинада пайдаланылуымен өзекті. Бөлшектер құрамы темір ядродан тұратындықтан, магнит өрісі арқылы басқаруға болады, ал залалсыз көміртекті қабықшасы оларды адам ағзасына қатерсіз етеді.

102-107 349
Аңдатпа

Сызғыш нүктесі (табанның ортасы) көлденең түзу сызықтардың отбасын құрайтын жазық иінтіректі механизм негізінде аяқпен жүретін машинаның тірек-қимыл механизмінің оңтайлы синтезінің есебі қарастырылады. Квадраттық жақындаудың аппроксимациялық есебінің аналитикалық шешімі ұсынылды, ол сандық оңтайландырудың өлшемін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Екі жергілікті минимумға сәйкес келетін тірек-қимыл механизмінің екі кинематикалық схемасы көрсетілді. Аталған тетіктерді пайдалану басқаруды айтарлықтай жеңілдетуге және энергия шығынын азайтуға жағдай туғызады.

108-114 298
Аңдатпа

Техника мен технологиялардың дамуы ғылым әлемінде төңкеріс жасауда, атап айтсақ бір ғана есептеуіш техникасының пайда болуы кез келген ғылым саласына жаңа серпін беріп, түрлі жаңалықтардың ашылуына жол ашты. Қазіргі таңда ғылым салаларының бірлесуі ғылым әлемінде тың ойлардың туындауын және бұрынғы әдістердің қаншалықты дәрежеде оңтайлы екенін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл мақалада ең әуелі зерттеліп отырған тақырып бойынша шетелдік жарияланымдарға әдебиеттерге шолу жасадық, Лоренц метрикасының Евклид кеңістігімен салыстырып айырмашылығын формулалар мен суреттерде мысал ретінде келтірдік. Лоренц метрикасын пайдалана отырып үлгі тануда жаңа алгоритм құрдық және бұл алгоритмнің тиімділігін тексеру үшін деректер базасында түрлі сынақтардан өткіздік. Жүргізілген тәжірибе нәтижесінде Лоренц метрикасы арқылы құрылған алгоритм классикалық алгоритмдермен салыстырылды, атап айтсақ Bayes, kNN және осы секілді алгоритмдер, содан соң нақты түрде сараптамалық нәтижелерді ұсындық.

115-119 312
Аңдатпа

Құрылыс материалдарын өндіруде Қазақстанның отын-энергетикалық кешенінің қалдықтарын қолдана отырып, экологиялық мәселелерді шешу мүмкіндігі қарастырылуда. Энергетикалық күлдің микросфераларын пайдалана отырып, еден жабындысының астына цементті өздігінен ажырататын тартпалардың тиімді құрамдары алынды. Микросфераларды енгізу композиция құрамында портландцементтің шығынын азайту кезінде реологиялық сипаттамалардың жақсаруына, кварц құмының орнына полиминералды құрылыс құмдарын пайдалану мүмкіндігіне, физикалық-механикалық қасиеттердің талап етілетін көрсеткіштерін қамтамасыз етуге себепші болады.

120-133 459
Аңдатпа

Дауыс бойынша идентификациялау деп алдын ала сақталған дыбысталу моделі мен сөйлеушінің дыбысталған деректерінің дауыстық биометриясын салыстыру арқылы сөйлеушіні идентификациялау процесін айтамыз. Дауыс бойынша идентификациялау технологиялары жасанды интеллекті саласының жетістіктері нәтижесінде жаңа бағыт алды және әртүрлі салаларда кеңінен қолданысқа ие болып келеді. Белгілерді бөліп алу дауыс бойынша идентификациялаудың ең маңызды аспектілерінің бірі болып табылады және идентификациялаудың өнімділігі мен орындалу процесіне айтарлықтай әсер етеді. Аталған жүйелік шолу дауыс бойынша идентификациялауға арналған белгілерді бөліп алудың әртүрлі тәсілдерін, әдістері мен алгоритмдерін айқындау, салыстыру және талдау үшін және дауыс бойынша идентификациялаудың қосымшалары мен болашақ зерттеулерге арналған белгілерді бөліп алу тәсілдері туралы ақпараттық анықтама ұсыну үшін жүргізілген. Зерттеу барысында, үлгілерге, векторлық кванттауға және уақытты динамикалық ауыстыруға негізделген модельдер, гистограмм, стохастикалық, гаустық үлестіру және Мел-жиіліктегі кепстральді коэффициенттерге, генеративті немесе векторлық кванттауға және дискриминативтік модельдерге (әдетте SVM және ANN секілді машиналық оқыту әдістерін қолдану арқылы) негізделген жасырын Марков модельдері қарастырылған. Бұл зерттеу, идентификациялау зерттеулерінің қазіргі беталысы, дауыс бойынша идентификациялаудың бейімділік, күрделілік, көптілді тану және шуылға төзімділік секілді маңызды мәселелерін шешуге арналған идентификациялаудың сенімді әмбебап құрылымын құру екенін көрсетті. Осы жұмыста берілген зерттеу нәтижелері өткен басылымдарға, цитаталарына және оларды жүзеге асырулардың санына негізделеді, оның ішінде цитаталар ең өзектісі болып табылады. Мақалада дауысты идентификациялаудың жалпы процесі де ұсынылады.

134-142 597
Аңдатпа

Бұл жұмыста жасанды интеллекттің бір саласы сөйлеуді тану жүйесі сипатталған. Қазақ тілі мен басқа тілдердің зерттеулері салыстырылып, қазақ тілі сөйлеуін автоматты тануының мәселелері анықталған. Оның басты мәселесінің бірі зерттеу жұмыстарына арналған сөйлеу деректерінің болмауы, сондықтан қазақ сөйлеуінің акустикалық деректерін жинау жұмыстары баяндалды. Болашақта өзге де зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында әрбір дикторға сәйкес жеке ақпараттарын сақтау форматы анықталды. Сөйлеу сигналдарын өңдеу, акустикалық және тілдік модельдерді оқытуға арналған алгоритмдер сипатталып, зерттеу және тәжірибелік жұмыстары жүргізілді. Терең нейрондық желі (DNN – Deep Neural Network) көмегімен сөйлеуді тану жүйесінің тесттік нәтижелері алынды. Олар дәстүрлі модельдердің нәтижелерімен салыстырылып, артықшылықтары ашып көрсетілді.

143-149 298
Аңдатпа

Мақалада массалары және өлшемдері айнымалы өзара гравитациялаушы өстік симметриялы бейстационар екі аспан денелерінің ілгерілемелі – айналмалы қозғалысы абсолютті, салыстырмалы және барицентрлік координат жүйелерінде қарастырылды және олардың қозғалысының дифференциалдық теңдеулері қорытылып шығарылды. Бейстационар өстік симметриялы денелердің екінші ретті инерция моменттері айнымалы. Өстік симметриялы денелер үшін меншікті координаталар жүйесінің өстері дененің бас инерция өстерімен сәйкес келеді және бұл күй эволюция барысында өзгеріссіз қалады. Денелердің массасы әртүрлі қарқында изотропты өзгереді. Ньютондық күштік функцияның мәні жуықталған, ол екiншi гармоникамен шектелген.

150-156 319
Аңдатпа

Бұл мақалада құрғақ құрылыс қоспаларын алу мүмкіндігі және көп компонентті жүйелердің құрғақ құрылыс қоспаларының физика-механикалық қасиеттеріне әсері ұсынылған. Зерттеу саласындағы тиісті жарияланымдарға ұқсас құрғақ құрылыс қоспалары құрамының рецептурасы анықталды. Құрамына, үйінді тығыздығына және қоспалардың әртүрлі дозаларына байланысты құрғақ қоспалар негізінде ерітінділердің реологиялық және технологиялық қасиеттерін өзгерту ерекшеліктері белгіленген.

157-164 402
Аңдатпа

Мақала үйір интеллекті мен жасанды иммундық жүйелердің модификацияланған алгоритмдері негізінде күрделі объектілерді болжау және басқару үшін көпфункционалды мультиагенттік Smart-жүйесін құрастыруға арналған. Модификацияланған СPSOIW-CS алгоритм инерция салмағы бар кооперативтік үйір интеллектісі (СPSOIW) мен клоналды іріктеу (CS) алгоритмдерінің негізінде құрылды. Деректерді алдын ала өңдеу және ақпараттық дескрипторларды таңдау CPSOIW алгоритмі негізінде орындалды. CPSOIW алгоритмін қолдану көпөлшемді кеңістікті барынша кең және жылдам зерттеуге, мерзімінен бұрын жақындасуды болдырмауға мүмкіндік береді. Үлгіні тану және болжау CS алгоритмі арқылы жүзеге асырылады. Мақалада құрылған жүйені нақты өндіріске енгізудің өзектілігі мен келешегі көрсетілді. Көпфункционалды мультиагенттік Smart-жүйенің құрылымдық сызбасы берілді. Келесідей агенттер құрылды: деректер базасы агенті, менеджер агент, көмекші агент, онтологиялық агент, инерция салмағы бар кооперативтік үйір агенті, үлгілерді тану агенті және болжамды бағалау агенті, сондай-ақ олардың функциялары сипатталды. Көп өлшемді деректерді өңдеуге, ақпараттық дескрипторларды іріктеуге және объектіні сипаттайтын оңтайлы параметрлер жиынтығын құруға арналған MCPSO (Multi-agent Cooperative Particle Swarm Optimization) бағдарламалық қаптамасы Python программалау тілінде құрылды және ол көпфункционалды мультиагенттік Smart-жүйенің модулі болып табылады.

165-169 365
Аңдатпа

Мақалада топырақтардағы процестерге математикалық модельдерді құру жолдары қарастырылған. Топырақтың құнарлылығын арттыру үшін әзірленген математикалық модельдер келтірілген. Математикалық модельдеу математикалық қатынастарға негізделген табиғи процестерді (теңдеулер, теңсіздіктер және т.б.) немесе осы жүйенің кейбір ерекшеліктерін айқындайтын бағдарламаларды сипаттайды. Математикалық модельді (теңдеуді) жасау үшін, зерттелетін процестің физикалық негіздерін білу қажет. Топырақты зерттеуде математикалық модельдеу кең ауқымды міндеттерді шешу үшін қолданылады: топырақ режимдерін оңтайландыру, ластауыштардың әртүрлі түрлерін болжау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және т.б.

170-174 460
Аңдатпа

Берілген мақалада көлік қозғалысының ағынын анықтау мәселесі қарастырылған. Жасанды нейрондық желі болжауыш модель ретінде ұсынылады. Аталмыш мәселе бақыланатын оқыту, классификация проблемасы түрінде талқыланған. Модельді үйретуге және тексеруге арналған жиын симулятор арқылы жасалған синтетикалық деректерден тұрады. Эксперименттердің нәтижелері оқытудың дәлдігін 82,2% көрсетеді. Сынақ жиынтығын бағалау 80,03%-ды құрайды. Нәтижесінде, трафик ағынын бағалау үшін дайындалған модель ұсынылады.

175-180 286
Аңдатпа

Ілгерілемелі жұбы бар тұйықталып өзгеретін контурымен II ретті IV классты Ассур то-бымен алты буынды механизмнің кинематикасы «бастапқы» орынды анықтаудың жалпы сұлбасы арқылы қарастырылады. Бұл әдіс жоғары классты механизмдердің қозғалатын өзгермелі контур-дың буындарынан біреуін таңдап және тіреуді шартты алмастыра отырып жоғары классты механизмдердің классын төмендетуге негізделген; содан кейін, шартты таңдалған тіреуге қатысты алмастырылған қозғалыста жалпыланған координат ретінде шартты түрде таңдалған тіреу мен сыбайлас контурлы буын арасындағы бұрыш алынады. Осы әдіс жоғары классты Ассур тобының класстарын II немесе III класстарға төмендетуге мүмкіндік беретінін көреміз. Сонымен қатар, Ассур топтарының әртүрлі бір және көп контурлы жоғары классты механизмдерге де қолдануға болады. Тіреуді шартты түрде ауыстыруды пайдалану «бастапқы» орынды талдау есебін аналитикалық шешімге немесе шартты жалпыланған координаттар әдісін екі нақтылы функцияны бір уақытта азайтуды талап ететін үйлеспеушіліктің тек бір нақты функциясын азайтуға әкеледі, осылайша, осындай түрдегі механизмді талдау есебі жеңіл түрге келеді. Жоғары классты механизмдердің «бастапқы» орынды анықтау жөніндегі есепті сандық шешуде кең қолданып шартты жалпыланған координаттар әдісін, оның мағынасы тұйықталған векторлық теңдеулердің проекциялар жүйесін бірқалыпсыз және бірқалыпты таралған жетегімен Ассур топтарына сәйкес бір немесе бірнеше сызықсыз тригонометриялық теңдеулерге түрленуінде болып табылады. Сандық компьютерлік анализ көрсетілген «бастапқы» орынды анықтау әдісі жоғары классты механизмдердің орнын талдаумен салыстырғанда әлдеқайда компьютерлік аз уақыт талап ететінін көрсетеді. Тіреуді шартты ауыстыру әдісі жоғары классты механизмдердің «бастапқы» орынды талдауда компьютерлік бағдарла-малардың әсерлі жиынтығын құруға мүмкіндік береді.

ЭКОНОМИЧЕСКИЕ И СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ

181-184 575
Аңдатпа

Осы мақалада қоғамның қажеттіліктеріне және экономиканы дамытуға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту мүмкіндігі талқыланған. Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттердің өз мамандығы бойынша жұмыспен қамтылуының төмен пайызын көрсетуде. Мамандарды даярлау жүйесіндегі бірқатар дәстүрлі тәсілдерді өзгерту қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінеді. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, дуальды білім беруді дамытуға мүдделі әлеуметтік серіктестер және жұмыс берушілермен тығыз ынтымақтастық арқылы жүзеге асырылуы тиіс дуальды білім беру бағдарламасының енгізілуі мен қолдауы ұсынылды.

185-193 264
Аңдатпа

Бұл мақалада өнеркәсіпті басқару тиімділігін арттыру көзделеді, соған сәйкес белгілі бір өнім өндіретін кәсіпорын төңірегіндегі мәселелер қарастырылған. Зерттеу нысаны – «ЮгПромСталь» ЖШС. Осы мақаланың мақсаты компанияларды басқару жөніндегі жаңа тәсілдерін зерделеу және олардың негізінде менеджменттік басқару жүйесінің тиімділігіне қатысты іс-шараларды әзірлеу болып табылады. Зерттеу нәтижесінде операциялық және қаржылық басқаруды жүзеге асыруға орай нақты ұсыныстар ұсынылды. Сондай-ақ тұтастай басқару жүйесінің дамуы бойынша компанияның жоспарлары айқындалды. Сонымен қатар басқару тиімділігі көрсетілген соңғы негізгі көрсеткіштері анықталды. Ал енді осы негізгі өлшеу көрсеткіштерді жақсарту барысында басымдық бағытын қарастыруға ерекше көңіл бөлінді.

Мәселені шешу үшін авторлар логикалық және салыстырмалы талдау, теориялық және зерттеу әдістерін, деректерді талдау әдістерін және экономика-математикалық модельдеу әдістерін пайдаланды. Авторлар «ЮгПромСталь» компаниясының негізгі техникалық және экономикалық көрсеткіштеріне, ақшалай қаражаттардың қозғалысына, кірістер мен шығыстардың бөлігін талдау және басқа қаржылық көрсеткіштерді назарға алды. Олай болса, олардың жақсаруы тұтастай басқару тиімділігін арттыруға тікелей байланысты болады.



ISSN 1998-6688 (Print)
ISSN 2959-8109 (Online)