Preview

Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

АПАТТАРДЫ БОЛЖАУ

Толық мәтін:

Аннотация

Табиғи құбылыстардан туындаған апаттар жаппай зардап шегуге, адамдардың қаза табуына, сондай-ақ елеулі материалдық шығындарға әкеліп соқтыратын, орасан зор әлеуметтік күйзелістердің көзі болып табылады. Табиғи катаклизмдер мен табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар санының ұлғаюының негізгі факторларына халық санының өсуі, табиғи ортаның тозуы мен нашарлауы, климаттың өзгеруі және басқа да көптеген жаһандық процестер жатады. Табиғи апаттарға кедергі экономиканың тұрақты дамуына бағытталған әлемдік ауқымдағы мемлекеттік стратегияның негізгі элементі болып саналады, өйткені әлемдік тәжірибе бойынша табиғи, техногендік және жалпы әлеуметтік-экономикалық авариялар мен апаттардан болатын шығындарды азайтудың неғұрлым тиімді тәсілі оларды болдырмауды көздейді. Төтенше жағдайлардың алдын алудың маңызды негізі – мониторинг және болжау. Сондай-ақ төтенше жағдайлар мен олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын болжау, төтенше жағдайлардың пайда болу себептерін мониторингілеу мен болжауға негізделеді. Осылайша табиғи катаклизмдермен күрес аумақты ақылға қонымды шаруашылық пайдалану қағидатына, сол үшін заманауи әлемдегі табиғи катаклизмдерді болжаумен байланысты өзекті міндетті шешуді талап ететін алдын алу іс-шараларын жүргізумен, әлеуетті қауіптерді болжау мен модельдеуге бағытталуы тиіс.
Бұл мақаланың басты мақсаты, табиғи катаклизмдердің алдын алу бойынша жазылған зерттеулерге қысқаша шолу жүргізіп және қазіргі заманның өзекті әдісіне сипаттама шолу жасау болып табылады. Мақалада зерттеу объектісінің өзектілігіне мән беріліп, негізгі ұғымдар мен терминдер қарастырылады, сонымен қатар табиғи сипаттағы қауіптің болу ықтималдығының алдын алу үшін болжаудың кейбір әдістері айқындалады.

Автор туралы

И. Сабешулы
Казахстанско-Британский технический университет
Қазақстан


Рецензия

Дәйектеу үшін:


  АПАТТАРДЫ БОЛЖАУ. Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы. 2020;17(4):193-201.

For citation:


Sabeshuly I. DISASTER FORECASTING. Herald of the Kazakh-British technical university. 2020;17(4):193-201.

Қараулар: 397


ISSN 1998-6688 (Print)
ISSN 2959-8109 (Online)