Preview

Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ M2M ШЕШІМДЕРІ

Толық мәтін:

Аннотация

Заманауи мобильді байланыс жүйелерінің элементтері өзара әрекеттесу үшін қолданылатын қауіпсіздік жүйелерінде, M2M қызметтерін ұсыну мәселелері қаралды. Заманауи қоғамның әртүрлі сегменттері кеңінен пайдаланатын сигнализация жүйелерін қолдану кезінде, қажетті техникалық қолдауды қамтамасыз ететін компанияға жедел араласуды талап ететін бірқатар мәселелер туындайды. Қызмет көрсетуге тапсырыстардың шамадан тыс көп түскен кезінде, компанияның жұмыс сапасына және M2M қызметтерінің сенімділігіне теріс әсер көрсететін ұйымдастырушылық және техникалық проблемалар пайда болады. Адаптивті математикалық болжау модельдерін әзірлеу және қызмет көрсетуге келіп түсетін тапсырыстар ағынын талдауға негізделген, күтілетін жүктемені есептеудің тәсілі ұсынылды. Қарастырылған болжау әдістерінің ішінен ең тиімді нәтижелер экспоненциалды тегістеу әдісімен және Brown моделін құрастыру арқылы алынды. Бұл әдіс келіп түсетін шақырулардың уақыт қатарының деңгейлері мен мәндері, тегістеудің тұрақтысына және зерттеліп отырған қатарда деңгейдің орналасуына тәуелді үлес коэффициенттерінің көбейтілуін көздейді. Қызмет көрсетуге келіп түсетін тапсырыстардың жалпы санын және белгілі бір себептер бойынша сигнализация жүйелерінің істен шығуына байланысты, келіп түсетін тапсырыстарды болжау үшін модельдер беріледі. Модельдерді әзірлеу және сынау Алматы қаласындағы табысты жұмыс істейтін күзет компаниясының нәтижесі бойынша жүзеге асырылды. Тапсырыстар санын модельдеу алдағы жұмыс кезеңдері үшін қысқа мерзімді болжамды жеткілікті дәлдікпен есептеуге мүмкіндік берді. Компанияның жұмысын басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін болжамдық бағалар, жұмыс орындалған кезеңдер туралы жаңа деректер, келіп түскен кезде үнемі қайта есептеледі. Қызмет көрсететін компанияның жұмысын ұйымдастыру процесіне модельдеу нәтижелерін енгізу, оның жұмысын тұрақтандыруға және M2M қызметтерінің сапалы болуына ықпал етеді.

Авторлар туралы

Э. Лещинская
Алматинский университет энергетики и связи
Қазақстан


К. Туманбаева
Алматинский университет энергетики и связи
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Тихвинский В. О., Бочечка Г. С., Нургожин Б. И., Айтмагамбетов А. З. Сети IoT/M2M: технологии, приложения и регулирование. Алматы. «Ак-Шагыл», 2016. - 332 с.

2. Лещинская Э. М., Туманбаева К. Х. Моделирование в телекоммуникациях. Учебное пособие. Алматы, АУЭС, 2018. - 80с.

3. Ким Н. А., Лещинская Э. М, Повышение надежности систем охранной сигнализации // Международный научный журнал-приложение Республики Казахстан «Поиск», №4, 2016. - С. 208-212.

4. Вуколов Э. А. Основы статистического анализа. Практикум по статистическим методам и исследованию операций с использованием пакетов STSATISTICA и EXEL. - М.: ФОРУМ, 2008.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


 ,   ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ M2M ШЕШІМДЕРІ. Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы. 2019;16(3):144-149.

For citation:


Leschinskaya E.M., Tumanbayeva K.Kh. М2М OF DECISION IN THE SYSTEMS OF SAFETY. Herald of the Kazakh-British technical university. 2019;16(3):144-149. (In Russ.)

Қараулар: 347


ISSN 1998-6688 (Print)
ISSN 2959-8109 (Online)