Preview

Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ЖЕЛІЛІК ТРАФИКТІ ЖІКТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ

Толық мәтін:

Аннотация

Сақиналы топология сияқты, ең алғашқы ақпараттық құралдар байланысының модельдерінің пайда болғаннан бері, қазіргі заманғы желілік инфрақұрылымның көрінісі адам танымастай өзгерді. Заманауи желілік жүйелер, коммутаторлар, маршрутизаторлар, брандмауэрлер, концентра- торлар және т.б. сияқты көптеген күрделі аралық модульдерден тұрады және осы өнертабыстардың басты мақсаты: байланыс үшін (қызмет көрсету сапасы) неғұрлым сенімді және масштабталатын негізді қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар интернеттегі трафиктің қарқынды өсуі желілік инженерлер мен бағдарламаны қамтамасыз етудің сенімділігі бойынша инженерлерді(ағыл. Software Reliability Engineers), деректер ағынын екі жағынан да оңтайландыруға көбірек көңіл бөлуге мәжбүр етті. Бұл мәселелерді тиімді шешу үшін инженерлер желінің ағымдағы жай-күйінің ерекшелі- гін зерттеуі қажет. Барлық жүйе тұтас дамып келе жатқан сайын, желі трафигі туралы мәліметтер соғұрлым көп болады, ал бұл бізге көп мардымсыз жабдықтың көмегімен оларды масштабтау ғана емес, аралық құрылғыларды оңтайландыруға және теңшеуге көмектеседі. Қандай хаттамалар жиі пайдаланылады? Желі өткізу қабілетін ең көп жүктеуге қандай қосымшалар түрлері бар? және т.б. Пакеттердің жіктелуі көптеген мәселелерді шешуге көмектесе алады және осыған орай әртүрлі тәсілдер бар. Бұл зерттеуде осындай міндеттерді шешу үшін қолданылуы тиіс белгілі құралдар мен әдістерді зерттеуге тырыстық.

Автор туралы

Д. Абсаттар
Kazakh-British Technical University
Қазақстан


Рецензия

Дәйектеу үшін:


  ЖЕЛІЛІК ТРАФИКТІ ЖІКТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ. Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы. 2020;17(4):111-118.

For citation:


Absattar D. METHODS AND TOOLS FOR NETWORK TRAFFIC CLASSIFICATION. Herald of the Kazakh-British technical university. 2020;17(4):111-118.

Қараулар: 416


ISSN 1998-6688 (Print)
ISSN 2959-8109 (Online)