ӨНДІРІСТІК АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАРТУҒА АРНАЛҒАН ТАБИҒИ ГРАФИТ НЕГІЗІНДЕГІ СОРБЕНТТЕРДІҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Аннотация
Мақалада ағынды суларды мұнайдан тазартуға арналған табиғи графит негізіндегі сорбенттердің физика-химиялық ерекшеліктері көрсетілген. Графит қазіргі таңда жан-жақты зерттелуде және оның қасиеттері мен ерекшеліктері көптеген жарияланымдарда толықтай сипатталған. Қалыпты жағдайда графит көміртек түрлерінің ішіндегі тұрақтысы болып табылады. Термоөңдеу процесі барысында тотыққан графиттің кристалларалық аймақтарында газ тәріздес заттар пайда болады және бұл заттар қабат арасына 100-600 атм. дейін ыдыратушы қысымды түсіреді. Нәтижесінде көбік тәріздес құрылым түзілгенге дейін графит қабаттарының жыртылуы мен ауысуы жүзеге асады. Бізде көбік түзгіш зат ретінде бірегей қасиеті бар пенографит болып келеді. Пе- нографит құрт тәріздес бөлшектерден тұратын, жеңіл көбік тектес көміртекті материал. Әрбір осындай бөлшекте графит қабатының орамдары ауа кеңістігімен ауысып отырады. Пенографиттің жоғары кеуектілігі мен тесіктердің мөлшерінің әртүрлі болуы оны түрлі салаларда қолдануға мүмкіндік береді.
Графит негізіндегі сорбенттердің практикалық маңызы экологиялық, әлеуметтік-экономикалық және рекреациялық зиянды жоюға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Атап айтқанда мұнайды өңдеу кезінде өндірістік ағынды суларды зиянды заттардан тазартуға назар аударылады. Раман спектрометрі (NTEGRA Spectra), инфрақызыл спектрометрі және сканерлейтін электронды микроскопы (SEM, Hitachi S-4800, Жапония) сияқты заманауи жабдықтар көмегімен құрамында көміртегі бар сорбенттердің физика-химиялық ерекшеліктері зерттелді.
Авторлар туралы
А. ТлеуовҚазақстан
Қ. Сапаралы
Қазақстан
С. Тлеуова
Қазақстан
Рецензия
Дәйектеу үшін:
, , ӨНДІРІСТІК АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАРТУҒА АРНАЛҒАН ТАБИҒИ ГРАФИТ НЕГІЗІНДЕГІ СОРБЕНТТЕРДІҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ. Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы. 2020;17(4):103-110.
For citation:
Tleuov A., Saparaly K., Tleuova S. STUDY OF PHYSICAL AND CHEMICAL FEATURES OF SORBENTS BASED ON NATURAL GRAPHITES FOR PURIFICATION OF INDUSTRIAL WASTE WATER. Herald of the Kazakh-British technical university. 2020;17(4):103-110. (In Kazakh)