Авторларға арналған ережелер
1. Авторларға арналған ережелер
Жіберу процесінің кезеңдерінің бірі ретінде авторлар материалдың келесі тармақтардың барлығына сәйкестігін тексеруі керек, егер олар осы талаптарға сәйкес келмесе, материалдар авторларға қайтарылуы мүмкін.
- Бұл материал бұрын жарияланбаған, сонымен қатар басқа журналда қарау және жариялау үшін ұсынылмаған.
- Мақала файлы «Математикалық ғылымдар» бөлімінен басқа барлық бөлімдер үшін Microsoft Word форматында (doc немесе docx) ұсынылуы тиіс.
- Мүмкіндігінше сілтемелер үшін толық Интернет мекенжайлары (URL мекенжайлары) берілген.
- Мәтін бір жоларалық интервалмен терілген; 14 тармақты қаріп кеглі қолданылады; бөлектеу үшін астын сызу емес, курсив қолданылады (URL мекенжайларын қоспағанда); барлық иллюстрациялар, Графиктер мен кестелер құжаттың соңында емес, мәтінде тиісті жерлерде орналасқан. Мақала үлгіге сәйкес ресімделеді. Мәтін Times New Roman қарпімен, 14 өлшемде, бір жоларалық интервалмен терілген; бөлектеу үшін астын сызу емес, курсив қолданылады (URL мекенжайларын қоспағанда).
- «Математика ғылымдары» бөлімі үшін мақалалар белгіленген үлгілерге сәйкес LaTeX пішімінде ұсынылуы керек. Негізгі файл PDF форматында жүктелуі керек. Қосымша файл авторы немесе үлестестігі туралы ақпаратсыз (анонимді нұсқа), сондай-ақ LaTeX пішіміндегі екінші қосымша файлды жүктеп салу керек.
- «Экономикалық ғылымдар» бөліміне үлгілерге сәйкес рәсімделген мақалалар ұсынылады.
Құпиялылық туралы мәлімдеме
Осы журналдың сайтында енгізілген есімдер мен электрондық пошта мекенжайлары журнал белгілеген мақсаттарда ғана пайдаланылады және өзге мақсаттарда қолданылмайды, сондай-ақ үшінші тұлғалар мен ұйымдарға берілмейді.
Авторларға арналған ақпарат
Журналда материалдарды жариялау онлайн-жіберу және рецензиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Тіркелу немесе авторизация «Материалдарды жіберу» бөлімінде қолжетімді. Мақала электрондық форматта тек журнал сайтының функционалы арқылы жүктеу жолымен ұсынылады.
Мақаланы жіберу тәртібі және рәсімдеуге қойылатын талаптар
Жариялау үшін журналдың профиліне сәйкес келетін, бұрын жарияланбаған автордың (авторлардың) материалы қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде қабылданады.
«Физикалық ғылымдар» және «Экономика және бизнес» секцияларына мақалалар тек ағылшын тілінде қабылданады.
Барлық мақалалар міндетті түрде рецензиялау (сараптамалық бағалау), сондай-ақ әдеби және техникалық өңдеуден өтеді. Рецензенттерді іріктеуді, рецензияның объективтілігі мен уақытылығын қамтамасыз етуді редакция жүзеге асырады. Журнал редакциясы мақаланың журнал профиліне және рәсімдеу талаптарына сәйкестігін анықтап, оны рецензиялау үшін маманға (тәуелсіз сарапшыға) жолдайды. Барлық рецензенттер – рецензияланып отырған материал тақырыбы бойынша соңғы үш жыл ішінде осы салада жарияланымдары бар танылған мамандар. Рецензиялау құпия түрде жүргізіледі.
Мақаланы бағалау кезінде келесі маңызды критерийлер ескеріледі: таңдалған тақырыптың және қойылған мәселенің өзектілігі; ұсынылған материалдың жаңалығы; автордың зерттеліп отырған мәселеге қосқан жеке үлесі; терминологияның, дәйексөздердің, фактілердің дәлдігі; заманауи дереккөздер мен ғылыми әдістерді қолдану; зерттеудің теориялық немесе қолданбалы маңыздылығы; ғылыми қорытындылардың негізділігі; баяндаудың қисындылығы мен түсініктілігі; мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігі.
Мақала талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, редакциялық алқа оны қабылдамауға құқылы.
Рәсімдеуге қойылатын міндетті талаптар:
- Сол жақ жоғарғы бұрышқа ҒТАХР индексі және ӘОЖ қойылады.
- Бір интервалдан кейін қалың қаріппен авторлардың тегі мен аты-жөнінің инициалдары, авторлардың ғылыми дәрежесі, академиялық лауазымы, e-mail мекенжайы және ORCID ID жазылады. Барлық авторлардың жұмыс орнына сілтемелер берілуі тиіс (жұмыс орындарының толық атауы, жұмыс орындалған қала мен ел көрсетіледі).
- Тағы бір интервалдан кейін мақаланың толық атауы жартылай қалың қаріппен жазылады.
- Тағы бір интервалдан кейін қысқаша аңдатпа (150–250 сөз) беріледі. Аңдатпа мақала мазмұнының жалпы бағытын сипаттап, оның негізгі нәтижелерін көрсетуі тиіс және өз алдына дербес түсінікті болуы қажет. Аңдатпада әдеби дереккөздерге, мақала бөлімдеріне немесе оның қандай да бір элементтеріне сілтеме жасауға болмайды.
- Ұсынылған мақалаға қатысты 3–7 сөзден немесе сөз тіркесінен тұратын түйін сөздер (Key words) көрсетілуі тиіс.
Жоғарыда жазылған ақпарат қосымша екі тілде ұсынылуы тиіс (мысалы, мақала орыс тілінде ұсынылса, онда барлық тармақтар қазақ және ағылшын тілдерінде де қайталануы тиіс).
Мақаланың мәтіні бір интервалмен, бір баған түрінде теріледі. Беттің барлық жиектері (жоғарғы, төменгі, сол және оң жақ) 2 см болуы тиіс.
Мақаланың көлемі 15 беттен аспауы керек. Қысқаша хабарламаларды кемінде 5 бет көлемінде ұсынуға рұқсат етіледі.
Мақала құрылымы келесі міндетті бөлімдерді қамтуы қажет: Кіріспе, Материалдар мен әдістер, Нәтижелер мен талқылау, Қорытынды, Қаржыландыру туралы ақпарат (егер бар болса).
- Мақаланың соңында міндетті түрде «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (References)» ұсынылуы тиіс. Мәтін ішінде әдебиеттерге сілтемелер тік жақшаларда көрсетіледі, мысалы: [1].
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25 дереккөзден аспауы тиіс. Автордың өз еңбектеріне сілтеме жасауға рұқсат етіледі, бірақ олардың үлесі барлық дереккөздердің жалпы санының 30%-ынан аспауы керек.
- Егер мақала қазақ немесе орыс тілінде ұсынылса, әдебиеттер тізімі екі нұсқада рәсімделеді: бірінші ңұсқа дереккөздің түпнұсқа тілінде – ГОСТ 7.1-2003 стандартына сәйкес; екінші ңұсқа транслитерацияланған түрде – References (ағылшын тілінде). Егер мақала ағылшын тілінде ұсынылса, әдебиеттер тізімі тек ағылшын тілінде (References) түрінде ұсынылады.
ГОСТ стандартына сәйкес рәсімдеу үлгісі:
Голант В.Е., Жилинский А.П., Сахаров С.А. Основы физики плазмы – М.: Атомиздат, 1977. – С. 47–64.
Baldwin, J.T., and Lachlan, A.H. On strongly minimal sets // Journal of Symbolic Logic. – 1971. – Vol. 36, No. 1. – P. 79–96. https://doi.org/10.2307/2271517.
Екінші нұсқа бойынша (References) рәсімдеу үлгісі:
Golant, B.E., Zhilinskiy, A.P., Sakharov, S.A. Osnovy fiziki plazmy [Fundamentals of Plasma Physics] (Moscow: Atomizdat, 1977), pp. 47–64. (in Russian).
Baldwin, J.T., and Lachlan, A.H. On strongly minimal sets. Journal of Symbolic Logic, 36 (1), 79–96 (1971). https://doi.org/10.2307/2271517
- Сөздерге, есімдерге және атауларға қысқартулар қолданылмайды, тек өлшем бірліктеріне, физикалық, химиялық, техникалық және математикалық шамаларға қатысты жалпы қабылданған қысқартуларды қолдануға болады.
- Формулалар Microsoft Equation немесе MathType формула редакторында терілуі тиіс. Формулалар, иллюстрациялар және кестелер мәтін ішінде аталуы бойынша рет-ретімен нөмірленуі қажет.
- Кестелер мен суреттердің атауы мен араб цифрларымен берілген нөмірі болуы тиіс. Олар түсіндірмелермен, ескертпелермен және дереккөзге сілтемемен бірге ұсынылуы қажет. Суреттердің саны 8-ден аспауы тиіс. Суреттер барлық бөлшектерді анық көрсетуге мүмкіндік беретін жоғары сапалы форматта дайындалуы керек.