Preview

Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРУ ОРТАДА ЖЕҢІЛ АЛКАНДАР ҚОСПАЛАРЫН ДЕГИДРЛЕУ КЕЗІНДЕ ОТЫРҒЫЗЫЛҒАН ПЛАТИНА МЕТАЛДАРЫ

Толық мәтін:

Аннотация

Мұнаймен бірге өндірілетін ілеспе газдың құрамындағы жеңіл алкандардың қоспаларын өңдеу проблемасы әлемде де, Қазақстанда да өзекті проблема болып табылады. Жеңіл алкандардың қоспасын тиісті олефиндерге дегидрлеу үшін, ылғал сыйымдылығы бойынша сіңдіру әдісімен платиналы металдар негізіндегі тасымалдағышқа отырғызылған жаңа катализаторлар ұсынылды. Жаңа дайындалған және қолданылған катализаторлардың құрылымы γ–Al2 Oтасымалдағышына отырғызылған 3 % Pt, Pd, Ru ПЭМ, РЭМ, БЭТ физика-химиялық әдістерімен зерттелді. Катализаторлардың бетінде бөлшектердің таралуын анықтау үшін белгілі бір өлшемдер бойынша қисықтар тұрғызылды. Жеңіл алкандардың қоспасын тотықсыздану ортасында түрлендіру атмосфералық қысымда, катализатордың стационарлық қабатында ағынды типті зертханалық қондырғыда жүргізілді. γ–Al2O3 тасымалдағышына отырғызылған платина негізіндегі металдардағы жеңіл алкандардың қоспасын конверсиялаудың салыстырмалы кестелері берілген, олар төрт режимде, 350–500 °С температура аралығында істелінді. Алынған өнімнің ең үлкен шығымы 3 % Ru/γ–Al2O3 катализаторында жеңіл алкандардың қоспасын 500 °С-та сумен бірге беру кезінде байқалды. Су реакцияның соңғы өнімдерінің құрамына қатыспай, катализатордың бетінде диссипативті құрылым құра отырып, жүйедегі тепе-теңдікті ығыстырады.

Авторлар туралы

С. Конуспаев
Казахский Национальный университет им. аль-Фараби
Қазақстан


А. Бродский
Институт органического катализа и электрохимии им. Д. В. Сокольского
Қазақстан


Д. Тлеугабылова
Казахский Национальный университет им. аль-Фараби
Қазақстан


А. Айтжан
Казахский Национальный университет им. аль-Фараби
Қазақстан


Е. Ашимова
Казахский Национальный университет им. аль-Фараби
Қазақстан


Е. Акан
Казахский Национальный университет им. аль-Фараби
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Sokolsky D. V. Gidrirovaniye v rastvorakh [Hydrogenation in solutions]. Alma-Ata, 1962. - 478 p.

2. Krylov O. N., Shub B. R. Neravnovesnye protsessy v katalize [Non-equilibrium processes in catalysis]. M.: Himija, 1990. - 288 p.

3. Konuspayev S. R., Dosmagambetova I. B., Shengizbayeva A. B. Alyumokhromovye i alyumoplatinovye katalizatory degidrirovaniya nizshikh parafinov [Alumochromium and alumoplatinum catalysts of dehydrogenation of lower alkanes] // Chemical Journal of Kazakhstan. - 2014. - № 4 (48). - 61-71 p.

4. Shiyong Zhao, Bolian Xu, Lei Yu, Yining Fan. Catalytic dehydrogenation of propane to propylene over highly active PtSnNa / y-Al<sub>2</sub>O<sub>3</sub> catalyst // Chinese Chemical Letters. 2017. № 29 (3). 475-478 p.

5. Zhanhua Ma, Yajing Mo, Jun Li, Changhua An, Xuenuan Liu. Optimization of PtSnK/Al<sub>2</sub>O<sub>3</sub> isobutane dehydrogenation catalyst prepared by an impregnation-reduction method // Journal of Natural Gas Science and Engineering. - 2015. - № 27. - 1035-1042 p.

6. Lidan Deng, Hiroki Miura, Tetsuya Shishido, Zheng Wang, Saburo Hosokawa ,Kentaro Teramura, Tsunehiro Tanaka. Elucidating strong metal-support interactions in Pt-Sn/SiO<sub>2</sub> catalyst and its consequences for dehydrogenation of lower alkanes// Journal of Catalysis. 2018. № 365. - 277- 291 p.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


 ,  ,  ,  ,  ,   ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРУ ОРТАДА ЖЕҢІЛ АЛКАНДАР ҚОСПАЛАРЫН ДЕГИДРЛЕУ КЕЗІНДЕ ОТЫРҒЫЗЫЛҒАН ПЛАТИНА МЕТАЛДАРЫ. Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы. 2019;16(3):453-459.

For citation:


Konuspayev S.R., Brodsky A.R., Tleugabylova D.B., Aitzhan A.T., Ashimova E.D., Akan E.S. SUPPORTED PLATINUM CATALYSTS IN THE DEHYDROGENATION OF MIXTURE OF LIGHT ALKANES IN THE REDUCING MEDIUM. Herald of the Kazakh-British technical university. 2019;16(3):453-459.

Қараулар: 332


ISSN 1998-6688 (Print)
ISSN 2959-8109 (Online)