ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОО СТУДЕНТТЕРІН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТҰРҒЫСЫНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация
Бұл мақалада техникалық жоғары оқу орындары студенттеріне рухани тәрбие беру мәселесі қаралады. Жоғары мектептің, оның оқытушыларының негізгі мәселелік міндеті – студенттерді болашақ белсенді шығармашылық жұмысқа даярлау. Бұл үшін жоғары мектеп оқу үрдісінің негізгі бағыттарына жаңадан не енгізілуі тиіс екенін нақты анықтап алу қажет. Мамандарды даярлау сапасын түбегейлі күрт әрі қарқынды дамыту мақсатында осының бәрі қалай, қандай тәсілдермен және қандай түрде енгізілетінін шешіп алу да маңызды. Бұл мәселенің маңызы Қазақстан Республикасында соңғы жылдары қабылданған «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы», т. б. көптеген мемлекеттік бағдарламаларға сай еселеніп арта түседі. Бұл бағдарламалар негізінде жоғары мектеп басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер алдында үш маңызды мәселені шешу қажеттігі туындайды: 1. Әлеуметтік сұраныстың тұрақты мәселелері (ұзақ мерзімдік); 2. Даму мәселелері – жаңа және жаңарып тұратын мәселелер; 3. Оқытушылық және ғылыми жұмысты жетілдіру және педагогикалық шеберлікті қалыптастыру мәселелері. Бұл мәселелерге студенттердің жұмысын жеке тұлғаға бағыттап, шығармашылық белсенділігі мен өз бетімен әрекет ету қасиеттерін дамытуды қайта құру да кіреді. Бұл кешенді мәселелерді шешудің негізін жоғары білімнің басты үш құрамдас бөлімі түзеді:
– білімнің беріктігі және үздіксіздігі;
– кәсіптік даярлықтың сенімділігі (өмірлік-шығармашылық);
– зиялы адамның жоғары жалпы ғылыми, адамгершілік және дүниетанымдық мәдениеті. Тұрақты міндеттер кешеніне:
– оқытушылар мен студенттердің оқу, ғылыми, ізденіс жұмыстарын жетілдіру;
– тәуелсіз Қазақстан Республикасының ұлттық саясатына негізделген рухани тәрбие жұмысын
үздіксіз жетілдіру;
– студенттердің болашақтағы кәсіби жұмысына қызығушылығы мен құрметін арттыру;
– студенттердің өзбетімен ізденуін белсендіру, білім алу және жаңарту дағдылары мен қажеттігін, өзін-өзі тәрбиелеудің жоғары мәдениетін сіңіру;
– студенттерде өзбетімен әрекет ету, намысқойлық, жауапкершілік, еңбекқорлық, сөзіне беріктік
қасиеттеріне негізделген белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыру;
– қоғамға жат кез келген қылықтар мен арандатушылық идеологияларға төзбеушілікті қалыптастырып, дамыту.
Бұл міндеттерді шешуге білім беру, тәрбие, ғылыми ізденіс және ұстаздың жеке үлгісі жұмылдырылады.
Әдебиет тізімі
1. Бакланова Н. К. Профессиональное мастерство и духовность / Бакланова Н. К. Тезисы научно-практической конференции молодых ученых. - М.: МГУКИ, - 1998. - C.83
2. ХХІ век: духовно-нравственное и социальное здоровье человека: Сб. тезисов и докладов международной научно- практической конференции. - М.:МГУКИ, 2001. - C. 5
3. Вернадский В. И. Размышления натуралиста. Кн.2. - М.: Наука, 1977. - С.191.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Ақыжанова А.Т. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОО СТУДЕНТТЕРІН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТҰРҒЫСЫНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы. 2019;16(3):448-452.
For citation:
Akyzhanova A.T. PROBLEMS OF MORAL AND SPIRITUAL FORMATION OF TECHNICAL UNIVERSITY STUDENTS. Herald of the Kazakh-British technical university. 2019;16(3):448-452. (In Kazakh)