Preview

Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ЦИФРЛАНДЫРУ – БОЛАШАҚТЫҢ ТАБЫСТЫ КІЛТІ

Толық мәтін:

Аннотация

Цифрлық трансформация туралы ақпарат – Қазақстанды цифрландыру жөнінде ақпаратқа шолу жасалған. Әлемдік тәжірибе және цифрландыру рейтингтегі Қазақстан, бағдарламаны жүзеге асырудағы артықшылықтар мен кедергілер. Жаңа мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу, экономиканың және халықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін цифрлық экожүйенің дамуының прогрессивті өркендеуі болып табылады. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: сенімді, қолжетімді, жоғары жылдамдықты және қорғалған цифрлық инфрақұрылымды дамытуды көздейтін цифрлы Жібек Жолын енгізу; цифрлы экономика үшін құзыреттілікті және дағдыларды дамытуды қоса алғанда, шығармашылық қоғамды алға бастыру, халықтың санитарлық сауаттылығын арттыру, өнеркәсіпке АКТ мамандарын оқыту; экономиканың секторларындағы цифрлық өзгерістер – экономиканың әртүрлі секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрлық технологияларды кеңінен енгізу; прогрессивті мемлекетке көшу, яғни электрондық және мобильді үкімет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру болып табылады. Мемлекет нақты технологиялардың қарқынды дамуына байланысты елде «цифрлық секірісті» қамтамасыз ете алады. Мұндай жағдайларда мемлекет инвестицияларды ұзақ мерзімді кірістің, бәсекелестік жағдайдың, үрдістердің бағалануына, сондай-ақ білім беру және қайта даярлау сияқты табысқа қол жеткізуге негізделген негізгі, ең келешегі бар қаржыландыру бағыттарын анықтайтын инвестор рөлін қабылдайды. Цифрландыру барлық секторларға әсер етеді және шикізаттық емес салалардың әлеуетін әр тараптандыру және ашу жолымен, Қазақстан экономикасының құрылымын өзгертуге, стартап-шараларды ынталандыруға және «жаңа өндірістерді» ашуға мүмкіндік тудырады.

Автор туралы

М. Малгаждарова
Международный университет информационных технологий
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. http://www.collegenarxoz.kz/kazaxstan_v_evolyucii_cifrovogo_razvitiya.html

2. https://strategy2050.kz/ru/news/51190/

3. https://digitalkz.kz/

4. https://digitalkz.kz/ru/pora-vyhodit-na-jeksport-askar-zhumagaliev-it-soobshhestvu/

5. https://www.caravan.kz/news/cifrovizaciya-okhvatila-77-naseleniya-kazakhstana-i-cifra-prodolzhaet-rasti-507756/


Рецензия

Дәйектеу үшін:


  ЦИФРЛАНДЫРУ – БОЛАШАҚТЫҢ ТАБЫСТЫ КІЛТІ. Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы. 2019;16(3):404-411.

For citation:


Malgazhdarova M.K. DIGITALIZATION - THE KEY TO A SUCCESSFUL FUTURE. Herald of the Kazakh-British technical university. 2019;16(3):404-411. (In Russ.)

Қараулар: 423


ISSN 1998-6688 (Print)
ISSN 2959-8109 (Online)