ҒАРЫШТЫҚ БАЙЛАНЫС ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ТАУЛЫ КӨЛДЕРІНІҢ КҮЙІН МОНИТОРИНГТЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Аннотация
Еңбекте таулы аймақтардағы өте қауіпті табиғи құбылыстардың біріне, атап айтқанда, сел сияқты табиғи гидрологиялық құбылысқа арналған. Әрбір таулы аймаққа селдердің орын алу себептерінің белгілі бір статистикасы тән. Мақалада Қазақстан аумағындағы селдердің орын алу себептері сипатталған, сонымен қатар нақты уақыт режимiндегi селсiз қауiпсiздiктi барынша үздіксіз бақылау және ескерту мүмкiндiктерi бар селдердiң алдын алу немесе салдарын барынша азайтудың әдiстерi келтірілген. Таулы жердегі (үйінді, мұздық, таулы) көлдердің деңгейін бақылау арнасынан асып кету уақытын есептеуге және қоршаған орта параметрлерінің қажетті өлшемдерінің жинақталуына негізделген алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Алайда, осы объектілердің жағдайы мен күйін қадағалаудың қазіргі қажеттіліктері еліміздің таулы аудандарында жер үсті және ұялы байланыс жүйелерінің жетіспеушілігі мен қуат көзінің жоқтығымен қиындатылады. Мақалада ғарыштық байланыс технологияларын пайдалана отырып, морендік көлдердің жай-күйін бақылау жүйесінің жұмыс істеу принципі көрсетілген. Морена көлдерінің күйін мониторингтеу жүйесінің негізгі компоненттері көрсетіліп, олар келіп түскен телеметрия және метеорологиялық деректердің көзі болып еспетелетін деректерді жинау мен тарату станциясы, сондай-ақ морена көлдерінің бұзылу ықтималды қаупін зерттейтін деректерді бақылау және көрсетудің кіші жүйесі болып табылады. Әрбір кіші жүйенің негізгі функциялары және әрбір негізгі компоненттің шығыс ақпараттарының құрылымы мен сәтсіздік критерийлері сипатталған. Морена көлдерінің күйін бақылау жүйесіне ұқсас жүйелермен өзара байланыстыру және олардың үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін техникалық шешімдер келтірілген.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
Д. АхмедовҚазақстан
Д. Еремин
Қазақстан
Д. Жаксыгулова
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Замай В. И. Проблемы мониторинга селевой опасности горных районов Казахстана [Электронный ресурс]. - Режим доступа: http://xn----ptbgks9a.kz/opasnosti/sel/item/305-v-i-zamaj-problemy-monitoringa-selevoj-opasnosti-gomykh-rajonov-kazakhstana - Дата доступа: 05.01.2017
2. Материалы из «Плана подготовленности Казахстана к природным катастрофам» [Электронный ресурс]. - Режим доступа: - http://xn----ptbgks9a.kz/opasnosti/obshchie-svedeniya/item/10-materialy-iz-plana-podgotovlennosti-kazakhstana-k-prirodnym-katastrofam - Дата доступа: 05.01.2017
3. Снижение риска бедствий в ЦА [Электронный ресурс]. - Режим доступа: - http://www.unisdr.org/files/12803_DRRinCAIIrus.pdf - Дата доступа: 05.01.2017
Рецензия
Дәйектеу үшін:
, , ҒАРЫШТЫҚ БАЙЛАНЫС ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ТАУЛЫ КӨЛДЕРІНІҢ КҮЙІН МОНИТОРИНГТЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы. 2019;16(3):343-348.
For citation:
Akhmedov D.Sh., Eremin D.I., Zhaxygulova D.G. STRUCTURE OF THE MONITORING SYSTEM FOR THE CONDITION OF MORAINE LAKES USING SPACE COMMUNICATION TECHNOLOGIES. Herald of the Kazakh-British technical university. 2019;16(3):343-348. (In Russ.)