Preview

Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Z КЕН ОРНЫ МЫСАЛЫНДА МҰНАЙ ҚАБАТТАРЫНДАҒЫ ҚЫСЫМНЫҢ ТАРАЛУЫН ЖӘНЕ ДЕФОРМАЦИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

https://doi.org/10.55452/1998-6688-2026-23-2-451-463

Толық мәтін:

Аңдатпа

Терең жатқан коллекторларды пайдалану процесінде кеуекішілік қысымның өзгеруі нәтижесінде тау қысымы мен кеуекішілік қысым арасындағы айырма жыныс қаңқасының деформациялануына жеткілікті деңгейге дейін артады, соның салдарынан жыныстардың сыйымдылық және сүзгілік қасиеттері едәуір өзгереді. Мұндай жағдайда флюидтердің көлденең ұңғымаларға келіп құйылу сипаты таяз орналасқан коллекторлардағы жағдайдан айтарлықтай өзгеше болады деп күтіледі. Осыған байланысты жарықшақты және деформацияланатын коллекторлардан құралған терең жатқан кен орындарын көлденең ұңғымалар арқылы игеру кезінде сүзгілік процестерді модельдеу әдістерін дамыту қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан деформацияланатын коллекторлар жағдайында жұмыс істейтін көлденең ұңғымалардың өнімділігін анықтау әдістерін әзірлеуге бағытталған зерттеулер өзекті ғылыми-практикалық мәселе саналады. Мақала деформацияланатын біртекті және біртекті-анизотропты қабаттардағы сұйықтардың сүзілу процестерін гидродинамикалық зерттеу әдістемесін жетілдіруге және оларды көлденең әрі тік ұңғымалар арқылы пайдалану жағдайында талдауға арналған. Қазақстандағы ірі кен орындарының бірі – Z кен орны ұзақ уақыт бойы қажетті мұнай өндіру деңгейін қамтамасыз етіп келді және қазіргі уақытта игерудің соңғы кезеңіне жақындап отыр. Соңғы жылдары газасты аймақтарында орналасқан өткізгіштігі төмен коллекторларда, жоғары тұтқыр мұнайы бар қабаттарда, сондай-ақ жарықтармен және белсенді табан суларының болуымен күрделенген қабаттарда қалдық мұнай қорларын өндіру қиын кен орындарының саны айтарлықтай артты. Мұндай объектілерді тиімді игеру ұңғымаларды пайдаланудың дәстүрлі технологиялары арқылы қамтамасыз етілмейді. Қазіргі уақытта мұнай және газ кен орындарын көлденең ұңғымалар арқылы игеру қиын өндірілетін мұнай мен газ қорларын өнеркәсіптік игеруге тартудағы ғылыми-техникалық прогрестің басым бағыттарының бірі саналады.

 

Авторлар туралы

Р. Т. Сулейменова
С. Өтебаев атындағы мұнай және газ университеті
Қазақстан

PhD.

Атырау қ.



А. Н. Мукамбеткалиева
С. Өтебаев атындағы мұнай және газ университеті
Қазақстан

ДоктАтырау қ.орант.

Атырау қ.



М. А. Жанай
С. Өтебаев атындағы мұнай және газ университеті
Қазақстан

Докторант.

Атырау қ.



Қ. Құлмағанбет
С. Өтебаев атындағы мұнай және газ университеті
Ресей

Магистрант.

Атырау қ.



Г. Б. Жилисбаев
С. Өтебаев атындағы мұнай және газ университеті
Қазақстан

Магистрант.

Атырау қ.



С. С. Амиров
С. Өтебаев атындағы мұнай және газ университеті
Қазақстан

Магистрант.

Атырау қ.



Әдебиет тізімі

1. Imansakipova, Z.B., Buktukov, N.S., Imansakipova, B.B. Pressure distribution in the oil reservoir in a two-dimensional plane. Naukovyi Visnyk Natsionalnoho Hirnychoho Universytetu, 1, 38–45 (2023).

2. Bimagambetov, K.B., Logvinenko, A., Tuzelbayeva, S.R. Experimental studies of cross-linked polymer systems. News of NAS RK. Series of Geology and Technical Sciences, 4(448), 50–58 (2021).

3. Buktukov, N., Mergenov, M. Improvement of oil field development using enhanced oil recovery methods. Naukovyi Visnyk NHU, 6, 23–28 (2021).

4. Akhmetov, S.M., Suyungariyev, G.E. Monitoring the current condition of oil recovery in Western Kazakhstan. Journal of Applied Engineering Science, 19(4), 1099–1107 (2021).

5. Akhmetov, N., Mardanova, L. Experimental support of polymer flooding technology. Periodico Tche Quimica, 17(35), 663–677 (2020).

6. Joshi, S.D. Advances in horizontal well technology and applications. Journal of Petroleum Science and Engineering, 178, 100–112 (2019).

7. Alvarado, V., Manrique, E. Enhanced oil recovery: current status and opportunities. SPE Journal, 23(2), 420–432 (2018).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Сулейменова Р.Т., Мукамбеткалиева А.Н., Жанай М.А., Құлмағанбет Қ., Жилисбаев Г.Б., Амиров С.С. Z КЕН ОРНЫ МЫСАЛЫНДА МҰНАЙ ҚАБАТТАРЫНДАҒЫ ҚЫСЫМНЫҢ ТАРАЛУЫН ЖӘНЕ ДЕФОРМАЦИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ. Қазақстан-Британ техникалық университетінің хабаршысы. 2026;23(2):451-463. https://doi.org/10.55452/1998-6688-2026-23-2-451-463

For citation:


Suleimenova R.T., Mukambetkaliyeva A.N., Zhanai M.A., Kulmaganbet K., Zhilisbayev G.B., Amirov S.S. STUDY OF PRESSURE DISTRIBUTION IN OIL RESERVOIRS AND THE INFLUENCE OF DEFORMATION CHARACTERISTICS USING THE EXAMPLE OF FIELD Z. Herald of the Kazakh-British Technical University. 2026;23(2):451-463. (In Russ.) https://doi.org/10.55452/1998-6688-2026-23-2-451-463

Қараулар: 28

JATS XML


ISSN 1998-6688 (Print)
ISSN 2959-8109 (Online)